Page 85 - Академикалы? саясат РУС.
P. 85

Конья мен Самарқанд қалаларындағы ақылды қалаларды дамыту тәжірибесі
                  Түркістан үшін бейімдеуге өте қолайлы. Себебі бұл қалаларда:
                          технологиялық шешімдер басқарушылық жүйемен интеграцияланған;
                          заңнамалық, қаржылық және институционалдық тұрақтылық қамтамасыз
                  етілген;
                          мемлекеттік және жергілікті деңгейдің үйлесімі тиімді жолға қойылған.
                        Түркістан қаласының «Smart City» тұжырымдамасын табысты жүзеге асыру
                  үшін  жергілікті  деңгейде  нақты  стратегия,  басқару  органы,  және  заңнамалық
                  база  қажет.  Бұл  үшін  Конья  мен  Самарқанд  тәжірибелерін  бейімдеу  арқылы
                  мемлекеттік  реттеудің  жаңа  үлгісін  қалыптастыру  өзекті  ғылыми  әрі
                  практикалық міндет болып табылады.
                         «Ақылды  қала»  тұжырымдамасы  тұрақты  даму  мақсаттарымен  тікелей
                  байланысты.        Қалаларда       ақпараттық-коммуникациялық               технологияларды
                  қолдану  арқылы  көлік,  экология,  қауіпсіздік,  мемлекеттік  қызметтерді
                  оңтайландыру және азаматтардың өмір сапасын арттыру көзделеді. Осы тұрғыда
                  әлемнің және Орталық Азия елдерінің қалаларында мемлекеттік реттеудің нақты
                  практикалары қалыптасқан. Конья, Самарқанд және Түркістан қалаларындағы
                  мемлекеттік реттеудің салыстырмалы талдауы 19-кестеде көрсетілген.

                  Кесте  19  –  Конья,  Самарқанд  және  Түркістан  қалаларындағы  ақылды  қаланы
                  мемлекеттік реттеудің салыстырмалы талдауы


                   Көрсеткіш          Конья (Түркия)           Самарқанд              Түркістан (Қазақстан)
                                                               (Өзбекстан)
                           1                     2                         3                        4
                   Стратегия       «Akıllı   Konya     2030»  «Smart  Samarkand»  «Smart  City  Turkistan»
                                   бағдарламасы  жергілікті  жобасы       «Цифрлы  бастамасы         «Цифрлы
                                   үкімет     пен     ұлттық  Өзбекстан  –  2030»  Қазақстан»
                                   деңгейде қабылданған.       стратегиясы            бағдарламасына сәйкес
                                                               аясында іске асады.  жүзеге асырылады.
                   Мемлекеттік  Қалалық        мэрия     мен  Үкімет  қаулысымен  Түркістан           облысы
                   реттеу          Түркияның       Цифрлық  әкімшілік-цифрлық         әкімдігі             мен
                                   трансформация               инфрақұрылым           «Қазақтелеком»  және
                                   басқармасы        жобаны  енгізілді.               «Huawei»
                                   бірлесіп басқарады.                                серіктестігімен
                                                                                      ынтымақтастық
                                                                                      орнатылды.
                   Ақылды          Интеллектуалды      көлік  Ақылды                  GPS         орнатылған
                   көлік           жүйесі,    электробустар  аялдамалар,       GPS- автобустар,
                                   мен      интеллектуалды  мониторинг         және  электронды         төлем
                                   бағдаршамдар енгізілген.  қоғамдық          көлік  жүйесі         енгізілді.
                                                               цифрландырылған.       Ақылды             тұрақ
                                                                                      жүйелері әзірленуде.
                   Экология        Күн            панельдері  LED       шамдармен  Қалдықтарды  басқару
                   және ТКШ        орнатылып,           суды  жарықтандыру,           жүйесі  жаңғыртылуда,
                                   үнемдеу         жүйелері  экологиялық              көгалдандыру  сандық
                                   енгізілген.  Қалдықтарды  мониторинг               карта           арқылы
                                   сандық басқару бар.         енгізілген.            бақыланады.


                                                                85
   80   81   82   83   84   85   86   87   88   89   90