Page 81 - Академикалы? саясат РУС.
P. 81

өмір  сүру»  салалары  жатады,  атап  айтқанда,  көлік  қызметтері  мен  жол
                  инфрақұрылымын жақсарту, сондай-ақ қызмет көрсету, денсаулық сақтау мен
                  бос уақытты тиімді ұйымдастыру салаларын цифрландыру. Аталған салаларға
                  бағытталған инвестициялар мен басқарушылық ресурстар қоғамдық қолдаудың
                  жоғары  деңгейімен  қайтарым  береді.  Егер  тұрғындар  нақты  нәтижелерді  –
                  мысалы, смарт бағдаршамдар арқылы көлік кептелістерінің азаюын, қоғамдық
                  көлік  кестесінің  ыңғайлылығы  мен  төлем  жүйесінің  қолайлылығын,  дәрігерге
                  немесе  ХҚКО-ға  онлайн  жазылу  мүмкіндігін,  сондай-ақ  бейнебақылау
                  камераларымен  жабдықталған  қауіпсіз  көшелерді  –  өз  көздерімен  көрсе,  онда
                  олардың цифрлық технологияларға деген сенімі нығая түседі.
                        Тағы бір басымдыққа ие бағыт – электрондық басқару жүйесін және «ашық
                  әкімдік»  экожүйесін  одан  әрі  нығайту  болып  табылады.  «Ақылды  басқару»
                  бағытының жоғары бағалануы Түркістанда сапалы институционалдық негіздің
                  қаланғанын білдіреді (электрондық мемлекеттік қызметтер, call-орталықтардың
                  жұмысы, әлеуметтік желілердегі ресми ақпараттық арналар). Аталған деңгейді
                  сақтау  үшін  қызметтердің  үздіксіздігі  мен  ыңғайлылығын  қамтамасыз  ету,
                  сондай-ақ  әртүрлі  платформаларды  интеграциялау  қажеттігі  туындайды
                  (тұрғындардың барлық қалалық қызметтерге бірыңғай терезе қағидаты негізінде
                  қол  жеткізу  мүмкіндігі  болуы  тиіс).  Сонымен  қатар,  электрондық  үкімет
                  моделінен  электрондық  қатысу  деңгейіне  көшу  де  аса  маңызды.  Бұл  ретте
                  тұрғындарға  шешім  қабылдау  үдерістеріне  ықпал  етуге  мүмкіндік  беретін
                  құралдарды енгізу ұсынылады. Атап өтсек қалалық жобалар бойынша онлайн
                  дауыс  беру  платформалары,  даму  жоспарларын  жария  талқылау  алаңдары,

                  азаматтық  бастамалар  мен  идеяларды  қабылдау  порталы.  Тұрғындарды
                  жоспарлау кезеңінен бастап тарту олардың түпкілікті нәтижелерге қанағаттану

                  деңгейін  арттырып,  қалалық  трансформацияға  деген  азаматтық  қатыстылық
                  сезімін  күшейтеді.  Түркістан  тұрғындарының  басым  бөлігінің  жастар  екені
                  ескерілсе,  бұл  мобильді  құрылғылар  мен  әлеуметтік  желілерді  белсенді
                  қолданатын  аудиторияны  тиімді  тартуға  үлкен  мүмкіндік  береді.  Мысалы,
                  мобильді қосымшалар арқылы сауалнамалар жүргізу немесе жастарды «ақылды
                  қала»  жобаларына  тарту  үшін  ойын  әдістемесін  (gamification)  пайдалану
                  орынды.
                        Зерттеу  нәтижелеріне  сүйене  отырып,  мемлекеттік  реттеу  тұрғысынан
                  мынадай  ұсыныстар  беруге  болады.  Біріншіден,  Smart  City  көрсеткіштерін
                  азаматтардың  қызмет  сапасына  деген  қанағаттанушылық  деңгейімен
                  сәйкестендіру  қажет.  Мемлекет  қазіргі  таңда  цифрлық  ілгерілеуді  көбінесе
                  сандық индикаторлармен өлшейді (қызметтердің онлайн үлесі, датчиктер саны
                  және  т.б.),  алайда  бұл  өлшемдермен  қатар,  тұрғындардың  көрсетілетін
                  қызметтердің  сапасына  берген  бағасын  жүйелі  түрде  зерттеу  маңызды.  Бұл
                  қандай  технологиялардың  нақты  қоғам  қажеттілігіне  жауап  беріп  жатқанын
                  анықтауға  мүмкіндік  береді.  Екіншіден,  Smart  City  бағдарламаларының
                  аймақтық  ерекшеліктерге  бейімделуін  күшейту  қажет.  Әрбір  қала  үшін  оның
                  әлеуметтік,  экономикалық  және  мәдени  контекстіне  сәйкес  келетін  жеке
                  цифрлық даму жоспары әзірленуі тиіс. Түркістан қаласы, мысалы, тарихи және
                  рухани  орталық  ретінде  туризм  мен  мәдени  мұра  салаларында  (AR/VR

                                                                81
   76   77   78   79   80   81   82   83   84   85   86