Page 84 - Академикалы? саясат РУС.
P. 84
Конья мен Самарқанд қалаларындағы ақылды қала тұжырымдамасын енгізу
тәжірибесі Қазақстанның жаңадан дамып келе жатқан өңірлік орталығы
Түркістан қаласы үшін бірқатар себептермен үлгі бола алады:
1. Жүйелі стратегиялық жоспарлау. Бұл қалаларда ақылды қала жобалары
нақты мемлекеттік стратегиялармен (ұлттық және өңірлік деңгейде) бекітілген
және кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.
2. Заңнамалық негіз. Екі қалада да жобаларды реттейтін нормативтік-
құқықтық құжаттар қабылданып, заңнамалық тұрғыда қолдау көрсетілуде.
3. Институционалдық тұрақтылық жобаларды іске асыратын және
мониторинг жүргізетін дербес басқару органдары немесе бөлімшелер жұмыс
істейді.
4. Мемлекеттік қаржыландыру мен әріптестік. Мемлекеттік бюджетпен
қатар, халықаралық және жеке сектор қаржысы тартылған.
5. Басқарушылық дербестік. Жергілікті атқарушы органдар жобаларды
басқаруда дербес шешім қабылдай алады, бұл тиімділік пен икемділікті
қамтамасыз етеді.
Конья мен Самарқандтағы мемлекеттік реттеу ерекшеліктері 18-кестеде
көрсетілген.
Кесте 18– Конья мен Самарқандтағы мемлекеттік реттеу ерекшеліктері
Көрсеткіш Конья (Түркия) Самарқанд Түркістан (Қазақстан) –
(Өзбекстан) бейімдеу қажеттігі
Стратегиялық «Akıllı Konya 2030» «Smart Samarkand» «Smart Turkistan»
құжат шебер-жоспары жобасы, «Цифрлы жоспары нақты
Өзбекстан – 2030» стратегияға негізделуі
тиіс
Заңнамалық Цифрлық Президент ҚР «Ақпараттандыру
негіз трансформация Жарлығы №6079, туралы» Заңы негіз, бірақ
туралы ұлттық әкімдік қаулысы өңірлік деңгей әлсіз
стандарттар
Басқару органы Конья мэриясы Samarkand Digital Түркістан әкімдігінде
жанындағы Smart Task Force дербес смарт-қала
City дирекциясы басқару бөлімі қажет
Қаржыландыру Жергілікті бюджет, Мемлекеттік МЖӘ аясында ғана емес,
көздері EU Smart Cities, бюджет, KOICA, стратегиялық
жеке сектор ADB, инвесторлар инвестициялық тарту
жүйесін дамыту қажет
Шешім KPI-ге негізделген Жергілікті және Ашық цифрлық деректер
қабылдау басқарушылық ұлттық деңгейде мен қоғамдық кері
процесі талдау келісілген байланыс жүйесі
жетілдірілуі керек
Мониторинг e-Municipality Ашық e-Qala мен Open Turkistan
және бағалау жүйесі, ашық есеп мониторингтік платформалары
порталдары панельдер және кеңейтілуі тиіс
донорлық аудит
Ескерту – Дереккөздер негізінде автор құрастырған [121, б 12; 122, б. 28; 123, б. 32]
84

