Page 80 - Академикалы? саясат РУС.
P. 80

15-кестесіндегі  регрессиялық  талдау  нәтижелері  бойынша  H2  (Smart
                  People→ Ақылды қала  adoption; β:  -,014, sig.: 0,806), H3 (Smart Government→
                  Ақылды  қала  adoption;  β:  -,027,  sig.:  0,619),  және  H5  (Smart  Еnvironment→
                  Ақылды  қала  adoption;  β:  -,056,  sig.:  ,285)  біз    ақылды  басқару  және  ақылды
                  адамдар  халықтың  ақылды  қала  туралы  қабылдау  көрсеткіштеріне  аз  әсер
                  ететінін  көре  аламыз,  өйткені  бұл  факторлар  қала  тұрғындарының  күнделікті
                  өмірімен тікелей байланысты болмауы мүмкін  6-суретте көрсетілген.



































                            Сурет  6 - Ақылды қала қабылдаудың регрессиялық коэффициенті


                        Ескерту  -  Автор сауалнама негізінде құрастырған

                        Түркістан қаласында жүргізілген анкеталық зерттеу нәтижелері Smart City
                  тұжырымдамасын  іске  асыруда  халықтың  айтарлықтай  қатысу  әлеуетінің  бар
                  екенін  нақты  көрсетеді.  Жалпы  алғанда,  қала  тұрғындары  инновациялық
                  бастамаларға ашық, олар электрондық қызметтерді белсенді түрде пайдаланады,
                  көптеген цифрлық жобаларды оң бағалайды және технологияларды күнделікті
                  өмірге  енгізуге  дайын  екендіктерін  білдіреді.  Smart  City  тұжырымдамасының
                  алты  негізгі  бағыты  бойынша  барлық  орташа  көрсеткіштердің  бейтарап
                  деңгейден  жоғары  болуы  –  азаматтардың  «ақылды  қала»  жобасына  деген
                  базалық  сенімінің  бар  екенін  айғақтайды.  Атап  айтқанда,  көлік,  денсаулық
                  сақтау,  білім  беру  және  қалалық  қызметтер  сияқты  тұрғындардың  күнделікті
                  өміріне  тікелей  ықпал  ететін  бағыттар  жоғары  қолдау  табуда.  Бұл  жағдай
                  жергілікті басқару органдары үшін маңызды практикалық қорытынды жасауға
                  негіз болады. Атап айтқанда «ақылды қаланы» дамыту, ең алдымен, тұрғындар
                  айқын  сезінетін  және  аса  бағалайтын  бағыттардан  басталуы  қажет.  Түркістан
                  қаласы үшін осындай басым бағыттарға «ақылды мобильділік» және «ақылды



                                                                80
   75   76   77   78   79   80   81   82   83   84   85