Page 125 - Академикалы? саясат РУС.
P. 125

Ұсынылып отырған модельдің басты артықшылықтарының бірі – әртүрлі
                  басқару деңгейлері арасындағы жүйелілік пен сабақтастықты қамтамасыз ету.
                  Көпдеңгейлі  басқару  жүйесі  стратегиялардың  «ілуі»  немесе  «қағаз  жүзінде
                  қалуы» сынды институционалдық олқылықтардың алдын алады:
                          ұлттық  деңгей  –  стратегиялық  бағыттар  мен  жалпы  бағдарларды
                  белгілейді;
                          өңірлік  деңгей  –  осы  стратегияларды  өңірлік  ерекшеліктерге  бейімдеп,
                  нақты ресурстармен қамтамасыз етеді;
                          қалалық деңгей – стратегиялық мақсаттарды іс жүзінде жүзеге асырушы
                  ретінде әрекет етеді.
                         Бұл модель басқаруды толық орталықтандырмайды. Керісінше, рөлдерді
                  әділ бөліп, инклюзивтілік пен икемділікке қол жеткізуді көздейді. Яғни, әрбір
                  деңгей  өз  функционалдық  шеңберінде  әрекет  ете  отырып,  жеке  сектор  мен
                  азаматтық  қоғамды  тарту  арқылы  смарт-бастамалардың  тиімділігі  мен
                  қабылдануын арттырады. Мұндай тәсіл SDG 16.7 (барлық деңгейлерде жауапты,
                  инклюзивті,  партисипативті  және  өкілдікке  негізделген  шешім  қабылдау)
                  көрсеткіштеріне толық сәйкес келеді.
                        Қазақстан контекстінде бұл модельдің іске асыруға толықтай лайық екендігі
                  байқалады. Қазіргі кезде оның жекелеген элементтері байқалып отыр:
                        –  мемлекеттік цифрландыру бағдарламалары әзірленген және іске асуда;
                        –  бірқатар пилоттық қалалар (Астана, Алматы, Түркістан) таңдалған;
                        –  МЖӘ механизмдері белсенді қолданыла бастаған.
                        Ендігі  міндет  –  осы  фрагменттік  элементтерді  ұсынылған  модель

                  шеңберінде  бірыңғай  институционалдық  жүйеге  біріктіру.  Түркістан  қаласы
                  мұндай  трансформация  үшін  демонстрациялық  сынақ  алаңы  бола  алады.  Бұл

                  тәжірибе басқа өңірлік орталықтарға үлгі ретінде масштабталуы мүмкін.
                         Сәтті жүзеге асырылған жағдайда, 2030 жылға қарай Қазақстанда біртұтас
                  басқару  қағидаттарына  негізделген,  бірақ  жергілікті  ерекшеліктерді  ескеретін,
                  сонымен  бірге  азаматтар  мен  бизнестің  белсенді  қатысуына  сүйенетін  смарт-
                  орталықтар  желісі  қалыптасуы  ықтимал.  Бұл  Тұрақты  даму  мақсаттарының
                  орындалуына елеулі үлес қосатын болады.
                        Модельде  көрсетілген  мәліметтерді  қолдайтын  заңдар  мен  мемлекеттік
                  бағдарламалар арқылы Қазақстан Республикасының цифрлық трансформацияға,
                  инновацияларды  енгізуге  және  экономиканы  дамытуға  бағытталған  құжаттар
                  арқылы. Осы нақты заңдар мен бағдарламалар:
                        1. «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» Қазақстан Республикасының 2013
                  жылғы  15  сәуірдегі  №  88-V  Заңы–  онлайн  портал  арқылы  тұтынушыларға
                  көрсетілген  барлық  қызметтер  мемлекеттік  қызметке  сәйкес  реттеледі.  Заң
                  азаматтардың  мемлекеттік  қызметтерге  қызметін  қамтамасыз  етеді  және
                  процестердің ашықтығын талап етеді [133, б. 6].
                        2.  «Кәсіпкерлік  туралы»  Қазақстан  Республикасының  2015  жылғы  29
                  қазандағы № 375-V ҚРЗ – стартап жобаларды енгізу, оларды бизнес жоспары
                  түрінде, сондай-ақ тендер немесе осы бюджет арқылы қаржыландыру процестері
                  заңмен реттеледі. Жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау және инновацияларды
                  енгізуге басымдық беріледі [134].

                                                                125
   120   121   122   123   124   125   126   127   128   129   130