Page 126 - Академикалы? саясат РУС.
P. 126

3.  2023  -  2029  жылдарға  арналған  цифрлық  трансформация,  ақпараттық-
                  коммуникациялық  технологиялар  саласын  және  киберқауіпсіздікті  дамыту
                  тұжырымдамасын  бекіту  туралы.  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2023
                  жылғы  28  наурыздағы  №  269  қаулысы  –  цифрландыру  мен  инновацияларды
                  қолдау, киберқауіпсіздікті дамыту негізгі тұжырымдамасы болып табылады [4,
                  б. 16].
                        4. Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспары)-
                  бұл  құжат  цифрлық  технологияларды  барлық  салада  енгізу  арқылы
                  Қазақстанның  әлеуметтік  және  экономикалық  дамуын  қамтамасыз  етуді
                  көздейді. Сондықтан,  инновациялық экономика құру және қала тұрғындарының
                  мәселесін шешуге ерекше көңіл бөлу [7, б. 10].
                         Қорыта келе, ақылды қалаларды мемлекеттік реттеу көпдеңгейлі басқару
                  моделіне  негізделуі  тиіс.  Бұл  модель  орталық  үкімет,  өңірлік  билік,  қалалық
                  әкімдіктер,  жеке  сектор  және  азаматтық  қоғам  институттарының  күш-жігерін
                  үйлестірілген  тәсілмен  біріктіреді.  Smart  City  әлеуетін  толық  ашу  және  оны
                  Тұрақты даму мақсаттарына бағыттау үшін барлық басқару деңгейлерінің өзара
                  келісімді  қызметі,  сондай-ақ  азаматтардың  белсенді  қатысуы  –  шешуші
                  алғышарт  болып  табылады.  Түркістан  және  өзге  де  орташа  қалалар  үшін
                  ұсынылып отырған үлгілік модельді енгізу – технология адамдардың игілігіне
                  жұмыс істейтін, ал басқару білімі, серіктестігі және жауапкершілікке негізделген
                  жаңа урбанистік саясаттың іргетасы болмақ.













































                                                                126
   121   122   123   124   125   126   127   128   129   130   131