Page 123 - Академикалы? саясат РУС.
P. 123

Модельде  өңірлік  басқару  буыны  (облыстық  деңгей)  үйлестіруші  және
                  интеграторлық рөл атқарады. Бұл деңгейде облыс әкімдігі келесі функцияларды
                  орындайды:
                        –  орталық стратегияны өңірлік ерекшеліктерге бейімдеу;
                        –  өңірлік  цифрлық  трансформация  тұжырымдамасын  (мысалы,  «Ақылды
                  өңір») әзірлеу;
                        –  облысқа қарасты қалалардың цифрландыру жобаларын үйлестіру;
                        –  мемлекеттік және жекеменшік ресурстарды өңірлік ауқымда тиімді бөлу.
                        Өңірлік деңгейде жобалық офистер мен бақылау кеңестері  құрылуы тиіс.
                  Олардың  құрамына  қалалық  әкімдіктер,  жергілікті  бизнес  құрылымдар  мен
                  жоғары оқу орындары өкілдері енуі қажет. Бұл үздік практикаларды алмасу мен
                  оларды өңір бойынша масштабтауға мүмкіндік береді.
                        Кадрлық әлеуетті дамыту (capacity building) да облыс деңгейінің маңызды
                  міндеті  болып  табылады.  Бұл  аясында  қалалық  әкімдіктер  үшін  әдістемелік
                  сүйемелдеу,       оқыту      бағдарламалары         және      сертификатталған         курстар
                  ұйымдастырылуы тиіс. Қаржылық тұрғыдан өңірлік әкімдік:
                        –  Smart City жобаларын тең қаржыландыруға қатыса алады;
                        –  өңірлік концессиялық жобаларға инвесторлар тарту ісін жүргізеді;
                        –  халықаралық  серіктестіктер  алдында  кепілгерлік  функцияны  орындай
                  алады.
                        Осылайша,  өңір  –  орталық  және  қалалық  деңгей  арасындағы  тік
                  институционалдық байланысты қамтамасыз ететін дәнекер буын ретінде әрекет
                  етеді.

                        Қалалық  деңгей  –  Smart  City  тұжырымдамасының  тікелей  жүзеге
                  асырылатын  деңгейі  болып  табылады.  Жергілікті  өзін-өзі  басқару  органдары

                  (қалалық әкімдік) жобаларды іске асырудың негізгі операторы рөлінде көрінеді.
                  Бұл деңгейде:
                        –  бейнебақылау, датчиктер, IoT құрылғыларын орнату;
                        –  жаңа электрондық сервистерді іске қосу;
                        –  қалалық  орта  мен  инфрақұрылымды  цифрландыру  жұмыстары
                  атқарылады.
                        Модельге  сәйкес  қала  әкімдігінде  Smart  City  Unit  деп  аталатын
                  мамандандырылған  бөлімше  құрылуы  тиіс.  Бұл  құрылым  келесі  міндеттерді
                  орындайды:
                          жобалық менеджментті жүргізу;
                          негізгі көрсеткіштер жүйесі (KPI) бойынша мониторинг жүргізу;
                          бизнес құрылымдар және азаматтық қоғаммен жүйелі байланыс орнату.
                        Қалалық  деңгейде  жергілікті  ерекшеліктерді  ескеретін  нормативтік-
                  құқықтық  актілер  қабылданады  (мысалы,  құрылыс  салушыларға  смарт-
                  жүйелерге  қосылу  міндеттерін  жүктейтін  абаттандыру  ережелері,  деректерді
                  басқару регламенттері және т.б.).
                        Сонымен қатар, жергілікті өзін-өзі басқару органы:
                          МЖӘ келісімшарттарын жасасады;
                          жеке операторлармен шарттар бекітеді;
                          қоғамдық  тыңдаулар  ұйымдастырады  және  қалалық  смарт-бастамалар

                                                                123
   118   119   120   121   122   123   124   125   126   127   128