Page 129 - Академикалы? саясат РУС.
P. 129
тиімділігін төмендетіп отыр.
Сандық көрсеткіштер дамуды көрсеткенімен, сапалық нәтижелер бойынша
бірқатар мәселелер анықталған: жобалардың толық енгізілмеуі, тиімділікті
бағалау әдістемесінің болмауы және тұрғындардың қанағаттану деңгейі жөнінде
нақты деректердің жетіспеуі. Smart жобалар (бейнебақылау, e-Shanyraq, Smart
Parking т.б.) бір-бірінен оқшау жүзеге асырылып, деректер алмасу мен
интеграцияланған басқару жүйесі қалыптаспаған.
676 респонденттің қатысуымен жүргізілген сауалнама мен PLS-SEM талдау
нәтижелері Smart City компоненттерінің тұрғындар тарапынан әртүрлі
қабылданатынын көрсетті: smart living және smart mobility жоғары бағаланса,
smart governance пен smart people төмен қабылданған. Бұл көрсеткіштер цифрлық
бастамалардың тұрғындармен өзара әрекетінің шектеулігіне байланысты болуы
мүмкін. Факторлық талдау нәтижелері (KMO, Bartlett тесттері және R² = 0.578)
смарт-инфрақұрылымға қоғамдық сұраныс пен қатысудың маңыздылығын
растады.
Сонымен қатар, нормативтік базаның міндеттілік сипатының болмауы және
қаржыландыру тұрақтылығының қамтамасыз етілмеуі жобалардың жүйелі іске
асуына кедергі келтіруде. Жастарды тарту, IT-хабтарды қолдау және цифрлық
білім беру салаларында бастамалар бар болғанымен, олар тұрақты
институционалдық қолдауды қажет етеді. Бұл бастамаларды мемлекеттік,
академиялық және жеке секторлар арасындағы серіктестік негізінде дамыту
ұсынылады.
Түркістан қаласындағы Smart City тұжырымдамасын іске асыру тәжірибесі
аралас нәтиже көрсетті. Бір жағынан, институционалдық инфрақұрылым мен
нормативтік база қалыптасқан, сандық жобалар қарқынды дамып келеді. Екінші
жағынан, фрагменттелген басқару, үйлестірудің әлсіздігі, деректерді
интеграциялау тетіктерінің жетілмегендігі және қоғамдық қатысудың төмендігі
жүйелі мәселелер ретінде қалып отыр. Осыны ескере отырып, алдағы кезеңде
Түркістан қаласында ақылды қаланы дамыту үшін төмендегідей ұсыныстар
жасалады:
цифрлық жобаларды үйлестіру мен интеграциялауға арналған бірыңғай
басқару платформасын (мысалы, Smart City Command Center) енгізу;
барлық смарт-жобалар бойынша сапалық және әлеуметтік тиімділікті
бағалау жүйесін қалыптастыру;
тұрғындармен кері байланысты нығайту үшін смарт-сервистерге
қатысуды арттыратын білім беру және қатысу бағдарламаларын әзірлеу;
жеке сектор мен стартаптарды тарту үшін қаржылық және салықтық
ынталандыру шараларын енгізу;
Smart City жобаларын ұзақ мерзімді стратегиялық құжаттарға
интеграциялау және индикаторлық жүйе енгізу;
эталондық стандартты міндетті нормативтік акт ретінде қабылдау;
Turkistan IT Hub пен білім беру жобаларын ұлттық цифрлық экожүйемен
үйлестіру.
Осы ұсыныстарды жүзеге асыру Түркістан қаласында цифрлық
129

