Page 128 - Академикалы? саясат РУС.
P. 128
эталондық стандартының негізінде қабылданған стратегиялық құжаттардың іске
асырылуы институционалдық тұрғыда жетілмегендігі көрсетілді. Мемлекеттік
реттеу құралдары – құқықтық, экономикалық, технологиялық, ақпараттық-
аналитикалық және soft law тетіктері жүйелі түрде сарапталды.
Сонымен қатар, нормативтік-құқықтық реттеу үлгілерінің әлсіздігі, KPI
мен ТДМ арасындағы сәйкестік жоқтығы, деректермен жұмыс істеу этикасы мен
цифрлық теңсіздік мәселелерінің жеткіліксіз зерттелуі – отандық ғылыми
дискурстағы негізгі олқылықтар ретінде көрсетілді.
Зерттеу «ақылды қала» ұғымын тек технологиялық жүйе емес, құқықтық ортаға,
азаматтық белсенділікке және әлеуметтік әділеттілікке негізделген
социотехникалық жүйе ретінде қарастырады. Осы тұрғыда ко-жасампаздық (co-
creation), көп акторлы өзара іс-қимыл және Public Value Governance
тұжырымдамаларының негізінде цифрлық үкімет, краудсорсингтік
платформалар мен ашық деректер экожүйесі смарт қалаларды басқарудың басты
стратегиялық бағыттары ретінде ұсынылды.
Жалпы, жүргізілген теориялық талдау мынандай тұжырымдарға әкеледі:
ақылды қала мен тұрақты даму тұжырымдамалары бір-бірін
толықтыратын, бірақ балама емес ұғымдар. Олардың тоғысу нүктесі – сапалы
өмір сүру ортасын қалыптастыру;
мемлекеттік реттеудің тиімділігі құқықтық, экономикалық,
институционалдық және технологиялық тетіктердің интеграциясына
байланысты;
ақылды қалаларды басқаруда адами фактор шешуші рөл атқарады.
Жоғары технологиялар азаматтық белсенділікпен, инклюзивтілікпен және
цифрлық теңдікпен үйлесуі қажет;
Қазақстан жағдайында институционалдық модельдер мен көпдеңгейлі
басқару тетіктерін дамыту – басым міндет;
ақылды қала – бұл технология емес, стратегия. Бұл стратегия ТДМ-мен
тығыз байланысты болуы шарт.
2. Түркістан қаласында «Ақылды қала» тұжырымдамасын іске асыруға
байланысты мемлекеттік реттеу тетіктері мен қоғамдық қабылдау деңгейі
кешенді түрде талданды. Зерттеу нәтижелері қаланың цифрлық
трансформациясының айтарлықтай ілгерілегенін, бірақ сонымен қатар бірқатар
институционалдық және жүйелік кемшіліктерді де айқын көрсетті. Талдау
теориялық тұжырымдар мен эмпирикалық деректерге сүйене отырып жүргізілді,
бұл қорытындыда осы тарауда қамтылған негізгі нәтижелер мен ғылыми
пайымдауларды жинақтап, олардың ғылыми-тәжірибелік маңызын негіздеуге
бағытталған.
Түркістан қаласында Smart City тұжырымдамасын жүзеге асырудың
институционалдық-құқықтық негіздері қалыптасқан. «Ақылды қаланың
эталондық стандарты», өңірлік жол карталары мен стратегиялық құжаттар
цифрлық инфрақұрылымның дамуына алғышарт болды. Жобаларды іске асыру
үшін Turkistan Innovation, Цифрлық даму орталығы, iKomek 109 сияқты
құрылымдар құрылғанымен, олардың арасындағы үйлестірудің әлсіздігі басқару
128

