Page 127 - Академикалы? саясат РУС.
P. 127

ҚОРЫТЫНДЫ

                        Ақылды қаланы тұрақты даму мақсатында мемлекеттік реттеу – бұл қазіргі
                  заманғы      урбанизация        процесіндегі       аса    маңызды       бағыттардың        бірі.
                  Урбанизацияның қарқынды өсуі және халық санының артуы қалаларды тиімді
                  басқаруды, ресурстарды ұтымды пайдалануды және тұрақты даму қағидаттарын
                  енгізуді талап етеді. Ақылды қалалар – бұл технологиялар, инновациялар және
                  экологиялық шешімдерді біріктіретін күрделі жүйелер, және олардың тиімділігін
                  арттыру үшін мемлекеттік реттеудің рөлі айрықша маңызды.
                        Ақылды қалалар концепциясы – бұл тек технологиялық жетістіктерді енгізу
                  ғана  емес,  сонымен  қатар  тұрғындардың  өмір  сапасын  жақсартуға,  табиғи
                  ресурстарды  қорғауға  және  экономиканың  тұрақтылығын  қамтамасыз  етуге
                  бағытталған кешенді стратегия. Тұрақты даму мақсаттарына (SDG) қол жеткізу
                  үшін қалалардың энергия тиімділігі, көлік жүйесі, қалдықтарды басқару, білім
                  беру  және  денсаулық  сақтау  салаларын  жетілдіру  қажет.  Ақылды  қалалар
                  мемлекеттік  реттеу  мен  бизнес  арасындағы  серіктестікті  күшейтуге,
                  инновациялық  шешімдерді  енгізуге  және  халықтың  әл-ауқатын  арттыруға
                  мүмкіндік береді.
                        Ақылды  қалаларды  дамытудағы  мемлекеттік  реттеу  басты  рөл  атқарады,
                  себебі  ол  саясатты  үйлестіру,  құқықтық  базаны  құру  және  қаржыландыруды
                  қамтамасыз ету сияқты негізгі функцияларды атқарады.
                        Бұл  зерттеуде  ақылды  қала  тұжырымдамасын  тұрақты  даму  жағдайында
                  қалай жүзеге асыруға болатындығын зерттеуге бағытталған.

                        1. Зерттеу қазіргі жаһандық урбанизация үрдістеріне сәйкес «ақылды қала»
                  тұжырымдамасын тұрақты даму мақсаттарымен (ТДМ) үйлестіре отырып, оны

                  мемлекеттік реттеу аясында жүзеге асыру жолдарын қарастыруға бағытталды. 1-
                  тарауда жүргізілген теориялық шолу барысында smart city ұғымының мазмұны,
                  эволюциялық  даму  кезеңдері,  негізгі  модельдері  мен  институционалдық-
                  технологиялық алғышарттары кешенді түрде сараланды.
                        «Ақылды  қала»  –  ақпараттық-коммуникациялық  технологиялар  (АКТ),
                  цифрлық  шешімдер  мен  инновацияларға  негізделген,  тұрғындардың  өмір
                  сапасын  жақсартуға  және  ресурстарды  тиімді  пайдалануға  бағытталған
                  көпқырлы  урбанистік  жүйе.  Бастапқыда  технологиялық  сипатта  болған  бұл
                  модель  бүгінде  экологиялық,  әлеуметтік  және  экономикалық  тепе-теңдік
                  қағидаттарын  қамтитын  «ақылды  тұрақты  қала»  (smart  sustainable  city)
                  форматына жетілді. Бұл тұжырым БҰҰ-ның 11-ТДМ – «Тұрақты қалалар мен
                  қауымдастықтар» мақсатымен тығыз байланысты.
                        Зерттеу барысында халықаралық тәжірибелер (ITU, UNECE, OECD, ISO)
                  мен отандық контекст салыстырмалы түрде талданып, адами және әлеуметтік
                  капиталдың,  бірлескен  басқару  мен  инновацияның  маңыздылығы  негізделді.
                  Сонымен қатар, институционалдық, құқықтық және технологиялық шектеулер
                  айқындалды.
                         Smart  City  1.0-ден  5.0-ге  дейінгі  даму  сатылары  сипатталып,  олардың
                  әрқайсысының  цифрландыру  деңгейі  мен  басқару  тәсілдері  ерекшеленді.
                  Қазақстан  жағдайында  «Цифрлық  Қазақстан»  бағдарламасы  мен  Smart  City

                                                                127
   122   123   124   125   126   127   128   129   130   131   132