Page 124 - Академикалы? саясат РУС.
P. 124
бойынша қоғамдық талқылау жүргізеді.
Қаланың өңірлік деңгеймен өзара байланысы тұрақты сипатқа ие: әкімдік
жобалар бойынша есеп беріп отырады, ал туындаған мәселелер мен ресурстық
шектеулер жағдайында әкімшілік және қаржылық қолдау сұрай алады.
Жеке сектор мен азаматтық қоғам – Smart City экожүйесінің ажырамас
бөлігі болып табылады.
Жеке сектор – қалалық деңгейде ең белсенді тартылатын стейкхолдер. Бұл
топқа келесі субъектілер жатады:
инвестор-компаниялар;
қызмет операторлары (бейнебақылау, жарықтандыру, байланыс т.б.);
технологиялық шешімдер ұсынатын стартаптар мен IT-компаниялар.
Модельде бизнес құрылымдары МЖӘ жобаларына қатысу, тендерлік
рәсімдерге қатысу, инновациялық технологиялар енгізу арқылы тартылып
отырады. Өз кезегінде қала әкімдігі бизнеске:
қажетті деректер мен инфрақұрылымға қол жеткізу мүмкіндігін ұсынады;
келісімшарттық қатынастарды реттеуге бірлесіп қатысады.
Азаматтар мен азаматтық қоғам институттары қалалық деңгейде өзара іс-
қимыл жасайды. Олар билікке:
өз қажеттіліктері мен қоғамдық сұраныстарды жеткізеді;
қызмет сапасына баға береді;
қоғамдық талқылаулар мен тыңдауларға қатысады (сызбада «participation
& feedback» бағыты ретінде белгіленген).
Әкімдік өз кезегінде тұрғындарға қызметтер мен ашық деректер ұсынады
(«services & open data» бағыты), бұл — сапалы сервистерге қолжетімділікті,
басқару процестері туралы ашық ақпаратты және тұрақты коммуникациялық
арналары бар қатысушы ортаны білдіреді.
Осылайша, ұсынылып отырған модель Smart City-ді институционалдық
тұрғыдан тұрақты, қоғамға бағдарланған және бәсекеге қабілетті басқару жүйесі
ретінде қалыптастыруға бағытталған. Ол технологиялық трансформацияны
қоғаммен және бизнеспен синхронды жүргізуге мүмкіндік береді және Тұрақты
даму мақсаттарына (SDG 11, 16) қол жеткізуге негіз қалайды.
Ұсынылған үлгілік модельдің жоғарғы деңгейінде «Халықаралық
стандарттар мен үздік тәжірибелер» блогы орналасқан. Бұл блок ұлттық және
жергілікті деңгейлерге ғаламдық бағдарлар мен нормалар арқылы
институционалдық және мазмұндық ықпал ететіндігін білдіреді. Атап айтқанда,
Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ), ISO сериялы стандарттары, БҰҰ-ның U4SSC
бастамасы және Сингапур, Сеул, Таллин сынды жетекші елдердің тәжірибесі осы
блогтың құрамдас бөліктері болып табылады.
Бұл сыртқы білім мен регуляторлық талаптар (сызбада пунктирлі
сызықтармен бейнеленген) ұлттық саясатқа стандарттау мен нормативтік
қабылдау түрінде, ал жергілікті саясатқа – дәлелденген технологиялар мен
институционалдық тәсілдерді ендіру арқылы интеграцияланады. Нәтижесінде,
халықаралық ынтымақтастық Smart City басқару жүйесінің ажырамас құрамдас
бөлігіне айналып, жаһандық регламенттер мен практикаларды ұлттық және
жергілікті деңгейге тиімді бейімдеуге мүмкіндік береді.
124

