Page 106 - Академикалы? саясат РУС.
P. 106
Кесте 27 – Ұсыныстарды жүзеге асыру үшін нақты жауапты құрылымдар бөлініп
көрсетіледі:
Ұсыныс Іске асырушы орган
Smart City Office құру Түркістан қаласы әкімдігі
Цифрлық Түркістан облысының цифрландыру басқармасы
инфрақұрылымды
дамыту
SDG KPI жүйесін енгізу ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Data Lake ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі
платформасын құру министрлігі
Ашық деректер модулін eGov.kz, data.egov.kz операторлары
дамыту
Қоғаммен байланыс Қоғамдық кеңестер, ЖОО, ҮЕҰ
алаңдары
Ескерту- автормен құрастырылған.
3. Қаржыландыру көздері
Ұсыныстарды қаржыландырудың бірнеше көздері бар:
жергілікті және республикалық бюджет;
PPP (мемлекет-жекеменшік әріптестігі) жобалары;
халықаралық донорлар мен гранттар (UNDP, GIZ, ADB);
Green Bond / Smart Bond сияқты қаржы құралдары;
Impact investing және ESG инвестициялар.
4. Ұсыныстардың әлеуметтік-экономикалық әсері
Жүзеге асырылған жағдайда мынадай әсерлер күтіледі:
қалалық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі артады;
жастар мен ІТ-мамандарға жаңа жұмыс орындары ашылады;
экологиялық қауіпсіздік артып, ресурс үнемделеді;
азаматтардың басқару үдерісіне қатысу белсенділігі артады.
5. Ұсынылып отырған басқару құрылымының міндеттері
Smart City Office – қала деңгейінде smart-жобаларды үйлестіретін және
бағалайтын тұрақты жұмыс істейтін орган. 28-кестеде оның негізгі
функциялары:
Smart жобаларды жоспарлау, жүзеге асыру және бақылау;
ашық деректер мен цифрлық сервистерді дамыту;
қалалық SDG индикаторларын есептеу;
азаматтармен цифрлық кері байланыс платформаларын дамыту;
инвесторлармен және стартап экожүйемен жұмыс.
106

