Page 107 - Академикалы? саясат РУС.
P. 107

Кесте 28 – Smart City Office пен Цифрландыру басқармасының айырмашылығы

                      Салыстыру              Smart City Office           Түркістан облысының цифрландыру
                       критерийі                                                      басқармасы
                    Деңгейі           Қалалық                           Өңірлік (облыстық)
                    Мақсаты           Ақылды қаланы басқару,            Мемлекеттік қызметтер мен цифрлық
                                      үйлестіру, бағалау                инфрақұрылымды дамыту
                    Міндеттері        Smart KPI, деректер, жобалық      Мемлекеттік органдарды
                                      басқару, азаматтық қатысу         цифрландыру, архив жүйесі
                    Жаңа рөлі         Қалалық smart-экожүйе             Әкімшілік цифрлық жүйелер әкімшісі
                                      операторы
                        Ескерту- автормен құрастырылған.

                        Жалпы  қорытындылай  келе,  ұсынылған  бағыттар  Түркістан  қаласында
                  «ақылды қала» жобасын тиімді жүзеге асыру үшін кешенді әрі нақты негіз бола
                  алады. Әр бағытқа тиесілі цифрлық технологияларды енгізу арқылы мемлекеттік
                  басқару  тиімділігі  артып,  халықтың  өмір  сапасы  мен  қалалық  орта  жаңаша
                  деңгейге  көтеріледі.  Ең  бастысы  —  бұл  процесті  ғылыми  негізде,  жүйелі
                  әдістемемен және әлеуметтік-экономикалық шындыққа бейімдей отырып жүзеге
                  асыру қажет.

                        3.2  Ақылды  қаланы  дамытуды  көпдеңгейлі  мемлекеттік  реттеудің
                  институционалдық механизмдерін қалыптастыру

                        Анықталған  құрылымдық  және  құқықтық  олқылықтарды  еңсеру
                  мақсатында  Smart  City  жобаларын  басқару  жүйесінің  институционалдық
                  құрылымын  және  нормативтік-құқықтық  базасын  жетілдіру  қажеттілігі
                  туындайды.  Халықаралық  жетекші  тәжірибелер  –  Сингапур,  Оңтүстік  Корея
                  және  ЕО  мысалдары  –  ақылды  қалалардың  табысты  дамуы  көбінесе  тиімді
                  ұйымдастырылған  басқару  моделі  мен  қолданыстағы  стандарттардың  өзара
                  сабақтастығына тәуелді екенін айғақтайды. Осы орайда, теориялық талдау және
                  Түркістан  қаласында  іске  асырылған  жобалардың  эмпирикалық  тәжірибесі
                  негізінде     келесі     институционалдық           және      нормативтік       ұсыныстарды
                  тұжырымдауға болады:
                        1.  Қалалық  деңгейде  Smart  City  басқарудың  арнайы  құрылымын
                  қалыптастыру.
                        Түркістан  қаласы  әкімдігі  құрылымында  Smart  City  бағытында  қызмет
                  атқаратын  арнайы  басқарма  құру  немесе  цифрлық  трансформацияға  жауапты
                  әкім  орынбасарын  тағайындау  орынды.  Аталған  құрылым  тұрғын  үй-
                  коммуналдық шаруашылық, қоғамдық қауіпсіздік, әлеуметтік сала және өзге де
                  смарт-бастамаларды  жүйелі  түрде  үйлестірумен  қатар,  жоғары  тұрған
                  мемлекеттік органдармен, ұлттық компаниялармен және жекелеген серіктестік
                  ұйымдармен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге тиіс.
                        Сонымен  қатар,  осы  құрылым  аясында  тұрақты  негізде  жұмыс  істейтін
                  үйлестіру  кеңесін  (бақылау  кеңесі  немесе  жобалық  офис  түрінде)  құру
                  ұсынылады.  Оның  құрамына  облыстық  әкімдік,  ұлттық  компаниялар,  бизнес


                                                                107
   102   103   104   105   106   107   108   109   110   111   112