Page 104 - Академикалы? саясат РУС.
P. 104
– халықтың барлық топтары үшін қолжетімділік кепілдігін қамтамасыз
ететін құқықтық және ұйымдастырушылық шаралар қабылдау қажет.,
тұрғындармен тұрақты диалог орнату және шешім қабылдау процестеріне
азаматтарды тікелей тарту қажет. Сонымен бірге, әрбір цифрлық жобаның
әлеуметтік тиімділігін бағалай отырып, халыққа түсінікті, ашық және есеп
беретін механизмдерді енгізу маңызды., ашық деректер қорын кеңейту,
тұрғындармен интерактивті байланыс орнату және цифрлық платформаларды
жетілдіру — смарт-қаланы дамытудың ажырамас бөлігі болуы тиіс.
Түркістан қаласында цифрлық технологияны мемлекеттік реттеу жүйесіне
тиімді енгізу үшін әдістемелік негіздерді жүйелеу қажет. Бұл үдерісте басты
назар ашық деректер, қоғамдық қатысу, интеграцияланған платформалар және
автоматтандырылған шешімдер қолдануға бағытталуы тиіс. Осындай тәсілдер
Smart City моделінің толыққанды жүзеге асуына негіз болады және
тұрғындардың өмір сапасын нақты жақсартуға ықпал етеді.
Ақылды қаланы дамыту тұжырымдамасын табысты іске асыру үшін
мемлекеттік басқару жүйесіне цифрлық технологияларды кезең-кезеңімен және
ғылыми-әдістемелік негізде енгізу маңызды. Бұл тек техникалық
инфрақұрылыммен шектелмейді, сонымен қатар басқарушылық шешім
қабылдау, азаматтармен кері байланыс, қоғамдық ресурстарды тиімді бөлу және
қауіпсіздікті қамтамасыз ету сияқты салаларды да қамтиды. Түркістан қаласы
үшін цифрлық трансформация процестерін жүйелі түрде енгізу мақсатында
төмендегі 26-кестеде нақты бағыттар, қолданылатын технологиялар, әдістемелік
тәсілдер және күтілетін нәтижелер ұсынылған.
Кесте 26 – Түркістанда мемлекеттік реттеу жүйесіне цифрлық технологияларды
енгізудің ғылыми-әдістемелік бағыттары
№ Бағыт Қолданылатын Әдістемелік негіз Күтілетін
цифрлық нәтиже
технологиялар
1 2 3 4 5
1 Цифрлық Интеграциялық Smart Мемлекеттік Шешім
басқару City Dashboard көрсеткіштерді қабылдаудың
платформасы цифрлық мониторинг жеделдеуі және
жүйесімен бақылау ашықтық
әдістемесі
2 Цифрлық егіз Smart Turkistan 3D Қалалық процестерді Қала
(Digital Twin) моделі нақты уақыт режимінде ресурстарын
модельдеу тиімді басқару
3 Ақылды E-participation Азаматтардың цифрлық Қоғам мен билік
қоғамдық платформасы, сауалнама және кері арасындағы
қатысу (Smart мобильді қосымша байланыс арқылы сенімді нығайту
Participation) қатысу тетіктерін енгізу
4 Қоғамдық Ашық деректер Мемлекеттік деректерді Жобалық
деректердің порталы (Open Data) құрылымдау, бақылаудың
ашықтығы визуализациялау артуы,
әдістемесі азаматтық
белсенділік
104

