Page 102 - Академикалы? саясат РУС.
P. 102

–  Түркістан  облысының  цифрландыру,  мемлекеттік  қызметтер  және
                  архивтер  басқармасының  2023  жылғы  есебінде  smart  city  жобаларын  іске
                  асыруда кадрлық ресурстардың жетіспеушілігі негізгі қауіп факторларының бірі
                  ретінде көрсетілген;
                        – Әлеуметтік зерттеулер мен сараптамалық пікірлерде қаладағы цифрлық
                  жобаларды  басқаруға  тартылған  мамандардың  көпшілігі  сырттан  (Астана,
                  Алматы,  Шымкент  қалаларынан)  шақырылатыны,  бұл  жергілікті  кадрлық
                  тұрақтылықты қамтамасыз етпейтін уақытша шешім екені атап өтіледі.
                        Цифрлық кадр әлеуетін қалыптастыру мен дамыту Smart City жобаларының
                  тұрақты  және  тиімді  жұмыс  істеуінің  алғышарты  болып  табылады.  Ол  үшін
                  жоғары  оқу  орындары  мен  кәсіптік  білім  беру  ұйымдары  базасында  smart
                  technologies,  data  science,  urban  analytics  бағыттары  бойынша  білім  беру
                  бағдарламаларын дамыту, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында
                  қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру қажет.
                        Бұл  мәселені  шешу  үшін  ЖОО-лармен  әріптестікте  мамандар  даярлау,
                  жастарды  смарт  жобаларға  тарту,  сондай-ақ  әкімдік  қызметкерлері  үшін
                  деректер  аналитикасы  мен  цифрлық  басқару  салаларында  оқыту  курстарын
                  ұйымдастыру ұсынылады.
                        5. Цифрлық платформалар мен қызметтерді интеграциялау.
                        Қазіргі  уақытта  eGov.kz,  eTurkistan,  коммуналдық  қызметтер,  транспорт
                  және денсаулық сақтау жүйелері арасында дербес жұмыс жүргізілуде. Бірыңғай
                  интеграцияланған  «Smart  Portal  Turkistan»  платформасын  қалыптастыру  –
                  барлық  цифрлық  сервистерді  орталықтан  басқаруға  және  қолданушы

                  тәжірибесін оңтайландыруға мүмкіндік береді. Жетілдіру бағыттары 24-кестеде
                  көрсетілген.


                  Кесте  24  –Цифрлық  технологиялар  арқылы  мемлекеттік  реттеу  үдерісін
                  Түркістан үшін жетілдіру бағыттары

                       Бағыт               Мәселе / кемшілік                     Жетілдіру жолы
                   Дерекпен жұмыс       Ашық деректердің жеткіліксіздігі  API  арқылы  деректерді  автоматты
                                                                             жариялау
                   Мониторинг           Бағалау жүйесінің болмауы            Smart KPI платформасын енгізу
                   Қоғаммен             Кері  байланыс  құралдарының  Цифрлық              сауалнама,     е-Halyk
                   байланыс             шектеулілігі                         бағалау модулі
                   Интеграция           Қызметтер шашыраңқы                  Бірыңғай Smart Turkistan жүйесіне
                                                                             біріктіру
                         Ескерту – Дереккөздер негізінде автор құрастырған [132]

                        Жоғарыда  ұсынылған  жетілдіру  бағыттары  Түркістан  қаласында  смарт-
                  қаланы қалыптастырудың негізін қалауға бағытталған. Бұл шаралар тұрғындар
                  мен  мемлекет  арасындағы  сенімді  нығайтып,  цифрлық  басқарудың  тиімділігі
                  мен  ашықтығын  арттырады.  Ең  бастысы  –  смарт  бастамаларға  тұрғындардың
                  шынайы  қатысуын  қамтамасыз  ету  арқылы  қаланы  ортақ  басқару  кеңістігіне
                  айналдыруға жол ашады.


                                                                102
   97   98   99   100   101   102   103   104   105   106   107