Page 103 - Академикалы? саясат РУС.
P. 103
3. Цифрлық технологияны басқару процесіне енгізу әдістемесі:
Цифрлық технологияларды мемлекеттік басқаруға енгізу – тек техникалық
жүйелерді орнату емес, сонымен қатар басқару мәдениетін, шешім қабылдау
сапасын және азаматтармен кері байланысты жаңғыртудың негізі болып
табылады. Түркістан қаласы жағдайында бұл үдеріс нақты кезеңдерге бөлініп,
институционалдық, техникалық және әлеуметтік факторларды ескерген
әдістемелік тәсілмен жүзеге асырылуы тиіс.
Цифрлық басқару – бұл дәстүрлі әкімшілік үдерістерді автоматтандырумен
қатар, аналитикалық құралдар негізінде деректерге сүйеніп шешім қабылдауға
мүмкіндік беретін жүйе. Мұндай тәсіл басқару тиімділігін арттырып, тұрғындар
үшін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін жақсартады. Цифрлық енгізу
кезеңдері 25-кестеде көрсетілген.
Кесте 25 – Цифрлық енгізу кезеңдері
Кезең Атауы Мазмұны
1 Талдау және диагностика Қаланың цифрлық ресурстары мен әлеуетін бағалау
2 Цифрлық стратегия Smart Turkistan Roadmap әзірлеу, мақсаттар қою
3 Техникалық жобалау Платформа архитектурасын, дерек құрылымын
жобалау
4 Жүйені енгізу Пилоттық жобалар, қолданушыларға бейімдеу
5 Мониторинг және Жобалар тиімділігін бағалау, KPI бақылау
бағалау
Ескерту – Дереккөз негізінде автор құрастырған [132]
Қолданылатын цифрлық құралдар:
IoT (ақылды сенсорлар), бейнебақылау
BI (Power BI, Excel dashboard)
eGov.kz және eTurkistan интеграциясы
Smart Portal Turkistan платформасы
Әдістемелік үлгі (Түркістанға бейімделген):
1. Қажеттілікті анықтау (салалық басымдық);
2. Техникалық инфрақұрылымды дайындау;
3. Дерек стандарттарын енгізу және біріктіру;
4. Пилоттық модульдерді іске қосу (транспорт, туризм, экология);
5. Кері байланыс жүйесін дамыту;
6. Бағалау және нәтижеге қарай масштабтау;
Осылайша, Түркістан қаласында цифрлық технологияны басқару процесіне
енгізу жүйелі әдістемеге негізделуі қажет. Бұл процесте стратегиялық
жоспарлау, деректермен жұмыс, тұрғындармен өзара әрекет және мониторинг
кезеңдері толық қамтылуы тиіс. Мұндай тәсіл Smart City моделін тиімді жүзеге
асырудың кепілі бола алады.
– интернет инфрақұрылымын кеңейту;
– әлеуметтік топтарға бағытталған цифрлық сауаттылық бағдарламаларын
енгізу;
– мобильді смарт-қызметтерді дамыту;
103

