Page 83 - Диссертация
P. 83
2030 жылға қарай су ресурстарының қысқаруы 90 км³-ден 76 км³-ге дейін
(-15%).
Трансшекаралық суларға тәуелді облыстар 90% Қызылорда және
Түркістан, 80% Батыс Қазақстан, 75% Жамбыл, 48% Алматы (сурет 22).
Сурет 22 - Трансшекаралық суларға тәуелділік деңгейі
Мұндай жағдай тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл Орталық Азия елдерінде
де байқалып отыр, бұл аймақ елдерінің су ресурстарын басқарудағы
ынтымақтастығы мен бірлескен әрекетінің маңыздылығын көрсетеді.
Қырғызстан. Жаңа су тарту нысандарын салу және қолданыстағыларын
кеңейту Бішкек қаласының су қажеттілігін алдағы 5-6 жылға уақытша ғана
қамтамасыз ете алады. Қазіргі уақытта елордада 53 жаңа ғимарат салынуда.
Бұл қалалар аймақтардан келетін халықтың бір бөлігін қабылдай отырып,
Бішкектегі демографиялық және инфрақұрылымдық жүктемені азайтуға
мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ол серіктес қалалардың "елес қалаларға"
айналуының алдын алу үшін оларда жұмыс орындарын құрудың
маңыздылығын ерекше атап өтті. Бұл шаралар халықты осы қалаларға тартуға
және олардың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге ықпал етеді [182].
Өзбекстан су тапшылығының өткір мәселесін бастан өткеріп отырған
елдердің бірі. Әлемдік ресурстар институтының су стрессі рейтингінде
Өзбекстан 164 елдің ішінде 25-орында тұр.
Бұл деректер аймақтағы су ресурстарының тапшылығының ауыл
шаруашылығы мен гидроэнергетикаға ықтимал теріс әсерін көрсетіп отыр.
Аймақ елдерінде су ресурстарын тиімді басқару мен пайдалану бойынша
шаралар қабылдау қажеттілігі айқын.
83