Page 79 - Диссертация
P. 79
Су қорының кемуі климаттың өзгеруі, мұздықтардың еруі, тиімсіз су
пайдалану және ластану нәтижесінде орын алуда.
Сурет 17 - Халық санының өсуі және су ресурстарының азаюы схемасы
Осы екі көрсеткіштің арақатынасы – аймақтағы су тапшылығының
артуын білдіреді. Халық саны артқан сайын су ресурстары керісінше азаюда,
бұл ауыл шаруашылығына, өнеркәсіпке, тұрмыстық тұтынуға және экожүйеге
теріс әсерін тигізеді.
Орталық Азия елдері үшін бұл динамика – су ресурстарын ұтымды
басқару, халықаралық келісімдерге сүйене отырып су дипломатиясын күшейту,
және климаттық бейімделу стратегияларын әзірлеу қажеттігін көрсетеді.
Төмендегі 18-суретте Орталық Азия өңіріндегі су мәселелері мен оларды
шешу жолдарының маңыздылық деңгейі көрсетілген.
Бұл мәселелердің барлығын шешу үшін трансшекаралық өзендерді ортақ
негізде басқаруға арналған халықаралық-құқықтық тетіктерді қалыптастыру
керек. Бұл тұрғыда өңірлік келісімге келу, заманауи технологияларды енгізу
және халықаралық құқық нормаларына сүйену Орталық Азия мемлекеттері
үшін су қауіпсіздігін қамтамасыз етудің шешуші алғышарттары болып
табылады.
Су ресурстарын басқаруда халықаралық тәжірибелерді интеграциялау
арқылы олардың әділ бөлінуін қамтамасыз ету қажет. Бұл үдерісте климаттың
өзгеруі мен халық санының өсуі сияқты факторлардың су қоры мен оның
қолжетімділігіне тигізетін ықпалын ескеретін стратегиялық көзқарас
қалыптастыру маңызды.
79