Page 78 - Диссертация
P. 78

Сурет 16 - Сырдария өзенінің су ресурстарының бөлінуі

                         Қазіргі маңызды мәселелер су ресурстарының тапшылығы және олардың
                  басқарудағы  қайшылықтарын  атай  берсек  өте  көп.  Елдер  арасындағы
                  ынтымақтастық механизмдерінің тиімсіздігін де атап айтуға болады.
                         Орталық  Азия  елдерінің  су  тұтыну  көлемдері  мен  салалық  пайдалану
                  бойынша төмендегі 11-ші кестеде келтірілген [179].

                  Кесте  11  -  Орталық  Азия  елдерінің  су  тұтыну  көлемдері  мен  салалық
                  пайдалануы

                                Ел          Су тұтыну көлемі,     Ауыл шаруашылығына су пайдалануы,
                                                   (км³)                            (%)
                         Қазақстан                  21                               70
                         Қырғызстан                  5                               65
                         Тәжікстан                  12                               75
                         Өзбекстан                  50                               90
                         Түрікменстан               23                               85

                         1990–2024 жылдар аралығында су ресурстары мен халық санының ауытқу
                  динамикасын төмендегі 17-суреттен көре аламыз.
                         Бұл  диаграмма  (17-сурет)  Орталық  Азия  өңіріндегі  халық  саны  мен  су
                  ресурстары  көлемінің  өзгерісін  бейнелейді.  Графиктен  екі  негізгі  үрдіс  анық
                  байқалады:
                         1)  Халық  санының  тұрақты  өсуі:  1990  жылы  халық  саны  шамамен  50
                  миллион болса, 2024 жылы бұл көрсеткіш 75 миллионнан асты.
                         Бұл демографиялық өсім суға деген сұранысты күрт арттырып отыр.
                         2)  Су  ресурстары  көлемінің  азаюы:  1990  жылы  су  ресурстары  650  км³
                  шамасында болса, 2024 жылы бұл көрсеткіш 570 км³-ге дейін төмендеген.

                                                                 78
   73   74   75   76   77   78   79   80   81   82   83