Page 76 - Диссертация
P. 76

2.2 Орталық Азиядағы трансшекаралық су дауларының себептері
                         Орталық  Азия  елдері  тәуелсіздік  алғаннан  бері  су  ресурстарын  бірлесе
                  басқаруда  бірқатар қиындықтарға  ұшырады.  Кеңес Одағы  ыдырағаннан  кейін
                  бұрынғы республикалар арасында су ресурстарын басқарудың бірыңғай жүйесі
                  ыдырады.  Бұған  дейін  орталықтандырылған  су-энергетикалық  алмасу  жүйесі
                  болған. Жоғарғы ағыста орналасқан елдер (Қырғызстан мен Тәжікстан) энергия
                  өндіруге  мүдделі  болса,  төменгі  ағыс  елдері  (Қазақстан,  Өзбекстан,
                  Түрікменстан)  ауыл  шаруашылығы  үшін  су  алуға  тәуелді  болды.  Бұл
                  мүдделердің  сәйкес  келмеуі  өзен  ағысын  басқару  тәртібінде  қайшылықтарға
                  әкелді [147, 21 б.].
                         Сонымен  қатар,  климаттың  өзгеруі  мен  су  ресурстарының  азаюы  су
                  дағдарысын  күшейтуде.  Жауын-шашын  мөлшерінің  төмендеуі,  мұздықтардың
                  кемуі  және  халық  санының  өсуі  жағдайды  ушықтыра  түсуде.  Осылайша,  су
                  ресурстарының жетіспеушілігі өңірлік қақтығыстар мен бәсекелестіктің негізгі
                  факторы болып отыр.
                         Келесі  15-суретте  Орталық  Азия  өңіріндегі  трансшекаралық  су
                  мәселелерінің  негізгі  себептері  көрсетілген.  Аймақтағы  су  ресурстарының
                  теңдей бөлінбеуі, географиялық орналасу айырмашылықтары мен мүдделердің
                  сәйкес келмеуі – су дауларының негізгі қозғаушы факторлары болып табылады.










































                       Сурет 15 - Орталық Азиядағы трансшекаралық су дауларының себептері

                                                                 76
   71   72   73   74   75   76   77   78   79   80   81