Page 80 - Диссертация
P. 80

Сурет 18 - Су ресурстарын басқарудағы мәселелер мен шешу жолдары

                         Орталық  Азия  мемлекеттері  үшін  су  ресурстарын  ұтымды  басқару  мен
                  пайдалануға  қол  жеткізудің  басты  шарты  –  өзара  тиімді  ынтымақтастық
                  тетіктерін  институционалдық  және  құқықтық  тұрғыда  жетілдіру  керек.  Су
                  мәселелерін  шешу  аймақтық  тұрақтылық  пен  экономикалық  дамуды
                  қамтамасыз етудің маңызды факторы болып табылады.
                         Сонау  1990  жылдары,  КСРО  ыдырағаннан  кейін  Орталық  Азия
                  мемлекеттері  тәуелсіздігін  жариялап,  жаңасын  әзірлеуге  және  іске  асыруға
                  кірісті.  Бұл  ретте  аймақ  мемлекеттері  КСРО-да  болған  су  алабы    және  су-
                  энергетикалық  ресурстарды  компенсациялау  механизмі  туралы  ережелерді
                  сақтауға  дайын  екендіктерін  растады.  Алайда,  мемлекеттердің  ниеттері  су
                  ресурстарын  пайдаланудың  нақты  қағидаларын  және  өзара  өтемақы  тәртібін
                  көрсете отырып, құқықтық актілерде халықаралық деңгейде тіркелмеген [180].
                         Шиеленіскен  энергетикалық  дағдарыс  жағдайында  Қырғызстан  мен
                  Тәжікстан ірі ГЭС жұмыс режимін ирригациялық режимнен электр энергиясын
                  өндіру режиміне ауыстыруға мәжбүр болды. Бұл вегетациялық кезеңде төменгі
                  ағыс елдерінде судың шұғыл қажеттілігін тудырды және осы аумақтардың су
                  астында қалуына әкелді. Сонымен қатар, жоғарғы елдердегі электр энергиясын


                                                                 80
   75   76   77   78   79   80   81   82   83   84   85