Page 77 - Диссертация
P. 77
Жоғарғы ағыс елдері – Қырғызстан мен Тәжікстан – өзендердің
бастаулары мен су қоймаларына иелік ету арқылы гидроэнергетикалық әлеуетті
арттыруға басымдық береді. Ал төменгі ағыс мемлекеттері – Қазақстан,
Өзбекстан және Түрікменстан – ауыл шаруашылығына қажетті су көлеміне,
әсіресе вегетациялық кезеңде, жоғары тәуелділік танытады. Бұл жағдай
вегетациялық және энергетикалық қажеттіліктердің қақтығысына алып келуде.
Сондай-ақ, климаттың өзгеруі, мұздықтардың азаюы, тозған су
инфрақұрылымы, тиімсіз су пайдаланудың жалғасуы, институционалдық
келісімдердің әлсіздігі өңірлік шиеленістердің тереңдеуіне ықпал етуде.
Жоғарыдағы 15-сурет Орталық Азиядағы су дауларының кешенді
сипатын, геосаяси, экологиялық, әлеуметтік-экономикалық өлшемдерін
түсінуге көмектеседі және су дипломатиясының өзектілігін ғылыми негізде
ашып көрсетеді. Орталық Азиядағы су даулары – тек табиғи ресурстарға қол
жеткізу мәселесі емес, ол аймақтың саяси, экономикалық және гуманитарлық
тұрақтылығы үшін маңызды факторға айналып отыр. Бұл мәселенің шешімі тек
техникалық емес, дипломатиялық, институционалдық және саяси амалдарды
қажет етеді. Сондықтан су ресурстарын бірлесіп басқару және әділ бөлу –
өңірлік қауіпсіздік пен халықаралық ынтымақтастықтың негізгі шарты болып
табылады.
Сырдария мен Әмудария өзендеріне тәуелділік аймақ елдерінің
экономикалық және саяси тұрақтылығына айтарлықтай әсер етеді.
Трансшекаралық су ресурстарын басқарудағы негізгі қиындықтар. Орталық
Азиядағы ірі өзендер бассейндерінің гидрологиялық қалыптасуы аймақтық
теңгерімсіздікті көрсетеді. Мәселен, Сырдария өзенінің жалпы ағысының
шамамен 74%-ы Қырғызстан аумағында түзіледі, ал 14%-ы – Өзбекстанда, 9%-
ы – Қазақстанда және тек 3%-ы Тәжікстанда қалыптасады. Әмудария өзені
бойынша су ресурстарының 80%-дан астамы Тәжікстан шекарасында
жинақталады, қалған көлемі Өзбекстан, Түрікменстан және Ауғанстан
аумақтарына тиесілі. Мұндай үлесті айырмашылықтар аймақ елдері арасында
ресурстарды бөлу мен басқару үдерісінде күрделі келіссөздік қатынастарды
талап етеді. Бұл өзендер бассейндерінің трансшекаралық сипаты оларды
басқару мен пайдалануда мемлекетаралық өзара әрекеттестікті талап етеді. Су
ресурстарының теңгерімді және тиімді бөлінуі өңірлік тұрақтылықты сақтау
мен өзара сенімге негізделген ынтымақтастықты нығайтудың негізгі
тетіктерінің бірі ретінде қарастырылады (кесте 10, сурет 16) [178].
Кесте 10 - Сырдария және Әмудария өзендеріндегі су ресурстарының бөлінуі
Өзен Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қазақстан, Түрікменстан Ауғанстан,
(%) (%) (%) (%) (%) (%)
Сырдария 74,0 3 14 9 0,0 0,0
Әмудария 2,4 80 6 0 3,5 7,9
77