Page 177 - Диссертация
P. 177
Қадам 1. Ынтымақтастық мүмкіндіктерін анықтау – ортақ мүдделер мен
экожүйелік қауіптерді айқындау.
Қадам 2. Су дипломатиясының әлеуетін бағалау – тәжірибе жинақтау
және келісімдерді саралау.
Қадам 3. Су қауіпсіздігін талдау құралдарын енгізу – су тұтыну,
климаттық модельдеу негізінде қауіп деңгейін бағалау.
Қадам 4. Жағдайға бейімделу қабілетін арттыру – институционалдық
икемділік пен дағдарысқа төзімділік қалыптастыру.
Қадам 5. Болашаққа бағытталған саясат қабылдау – халық саны, климат,
экономикалық өсім негізінде стратегиялық болжау.
Қадам 6. Ынтымақтастық шараларын жүзеге асыру – ортақ жобалар,
ғылыми-техникалық серіктестік, трансшекаралық келісімдер.
Ұсынылып отырған «Қазақстанның су дипломатиясының даму моделі»
негізі халықаралық құқықтық нормаларға (UNECE 2022; UN 1997 [4, 16 б.; 5, 30
б.], аймақтық тәжірибелерге (IFAS 2021; CAREC 2022) [6, 4 б.; 7, 2 б.], сондай-
ақ ғылыми зерттеулерге (Sadoff & Grey, 2002; Vinogradov & Langford, 2001) [9,
392 б.; 10, 520 б.] сүйене отырып әзірленді. Ол Қазақстанға тек өз мүдделерін
қорғап қана қоймай, Орталық Азиядағы өңірлік тұрақтылықты сақтауда
көшбасшы ел ретінде танылуға мүмкіндік береді.
Бұл модель Қазақстанның су дипломатиясын халықаралық
стандарттармен үйлестіре отырып жүзеге асыруына бағытталған ғылыми және
практикалық құрал болып табылады.
Осы модельдің диссертациялық жұмыста ұсынылуы – Қазақстандағы су
дипломатиясын ғылыми негізде қайта бағалауға және болашақ саясаттың нақты
бағыттарын ұсынуға мүмкіндік береді.
Төртінші бөлім бойынша тұжырым
Орталық Азиядағы трансшекаралық су ресурстарын басқару – өңірлік
қауіпсіздік пен тұрақты даму үшін стратегиялық маңызға ие. Бұл тарауда су
қатынастарының интеграциялық сипаты, халықаралық ұйымдардың рөлі, суды
пайдаланудағы даулы мәселелер мен олардың шешу жолдары кешенді түрде
талданды. Қазақстанның су дипломатиясы - тек сыртқы саяси құрал емес,
сондай-ақ геосаяси тұрақтылық пен экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз
ететін маңызды тетік ретінде қарастырылды.
Зерттеу барысында ұсынылған «Қазақстанның су дипломатиясының даму
моделі» – су ресурстарын тиімді басқаруға, құқықтық және институционалдық
тетіктерді жетілдіруге, трансшекаралық ынтымақтастықты нығайтуға
бағытталған ғылыми-концептуалдық шешім болып табылады. Бұл модель
Қазақстанның халықаралық беделін арттырып қана қоймай, Орталық Азиядағы
тұрақты және әділ су қатынастарының қалыптасуына нақты үлес қосуға
мүмкіндік береді.
177