Page 178 - Диссертация
P. 178
ҚОРЫТЫНДЫ
Бұл диссертациялық зерттеу – Орталық Азиядағы трансшекаралық су
ресурстарын басқаруда су дипломатиясының рөлін халықаралық қатынастар
контексінде қарастырған кешенді ғылыми жұмыс болып табылады.
Суды тиімді басқару аймақтағы экономикалық жағдайларды,
экологиялық тұрақтылықты және әлеуметтік тұрақтылықты жақсартуға ықпал
ететін негізгі фактор болып табылады. Осыған байланысты өсіп келе жатқан
климаттық сын-тегеуріндер жағдайындағы бұл өңірдің су қауіпсіздігінің
ағымдағы және ұзақ мерзімді сын-қатерлерін, сондай-ақ қолданыстағы су
ынтымақтастығының тиімділігін талдау негізінде және осы саладағы өзара
қолданыстағы қалыптасқан тәжірибесін ескере отырып, трансшекаралық су
ынтымақтастығының негізгі қағидаттарының, тәсілдерінің, тетіктері мен
құралдарының жиынтығын әзірлеу және осы процестегі су дипломатиясының
рөлін белгілеу ұсынылады.
Өңірде су ресурстарын тиімді пайдалануды ретттеудегі ынтымақтастығы
оның принциптерін, тәсілдерін, механизмдері мен құралдарын үйлестіруді
талап етеді. Принциптер этикалық және құқықтық негіздерді белгілейді,
тәсілдер стратегиялық көзқарасты қалыптастырады, механизмдер
институционалдық негізді қамтамасыз етеді, ал құралдар мұның бәрін іс
жүзінде жүзеге асыруға көмектеседі. Бұл элементтерді теңдестірілген қолдану
суды тұрақты және әділ басқаруға ықпал етеді. Мәселенің ортақтығын, су
ресурстарының өзара тәуелділігін және өңір елдерінің ынтымақтастыққа
дайындығын ескере отырып, Орталық Азия мемлекеттерінің біріккен
көзқарасын трансшекаралық су ынтымақтастығы қағидаттарын, тәсілдерін,
тетіктері мен құралдарын және осы процестегі су дипломатиясының рөлін
бірлесіп дамыту қажеттігі артып келеді.
Біріншіден, су ресурстары саласындағы ынтымақтастық егемендік
теңдігі мен мүдделерді өзара құрметтеу қағидаттарына негізделуі тиіс.
Теңдік қағидаты Орталық Азиядағы су ресурстары ортақ болып табылады және
трансшекаралық су ресурстарына қол жеткізе алатын өңірдің әрбір мемлекеті
осы ресурстарды пайдалануға, сақтауға және басқаруға қатысты шешімдер
қабылдауға мүмкіндік пен қатысуға құқылы болуы тиіс деп болжайды.
Мүдделерді өзара құрметтеу принципі ауыл шаруашылығы, энергетика, сумен
жабдықтау және экология сияқты әртүрлі ұлттық қажеттіліктерді тануды
қамтиды, сонымен бірге су ресурстарын басқа елдердің мүдделеріне зиян
келтіру үшін пайдалануды болдырмайды.
Екіншіден, ынтымақтастық Халықаралық су құқығының негізгі
қағидаттарына - трансшекаралық су ресурстарын әділ ұтымды пайдалану
және елеулі залалға жол бермеу қағидатына негізделуге тиіс. Әділ және ақылға
қонымды пайдалану су ағыны мемлекеттерінің оны өз аумағында әділ және
ақылға қонымды түрде пайдалану құқығын, сондай-ақ оны қорғау мен игеруде
178