Page 152 - Диссертация
P. 152

Цифрлық  реттеу  және  мониторинг  жүйелерін  енгізу  -  су  ресурстарын
                  басқарудың  тиімділігі  цифрлық  технологияларды  қолдану  арқылы  арттыруға
                  болады.  Бұл  бағытта:  Су  ағымдары  мен  деңгейлерін  нақты  уақыт  режимінде
                  бақылау  үшін  датчиктер  мен  сенсорлар  орнату.  Гидрологиялық  деректерді
                  талдау  үшін  жасанды  интеллект  пен  үлкен  деректер  технологияларын
                  пайдалану. Су тұтыну және бөлу процестерін автоматтандыру.
                         Климаттық  бейімделу  стратегиялары  -  климаттық  өзгерістерге
                  бейімделу бойынша өңірлік бағдарламаларды әзірлеу. Жасыл технологияларды
                  енгізу арқылы экожүйелерді қалпына келтіру.
                         Орталық  Азия  аймағындағы  су  ресурстарының  жағдайы  мен  олардың
                  пайдаланылуын  бақылау  маңызды  міндеттердің  бірі  болып  табылады.  Су
                  ресурстарының шектеулілігі және су тұтынудың артуы аймақтағы экологиялық
                  және әлеуметтік мәселелерді күрделендіре түсуде. Бұл жағдай су ресурстарын
                  тұрақты  пайдалану  және  тиімді  басқару  үшін  мониторингтің  маңыздылығын
                  арттырады [164, 98 б.].
                         Орталық  Азия  елдерінде  су  ресурстарын  бақылау  бірнеше  негізгі
                  мақсаттарға бағытталған [254]:
                         1. Су көлемін нақты анықтау және су қорының өзгерістерін бағалау.
                         2. Су сапасын бақылау және ластану көздерін анықтау.
                         3. Су  тұтынудың  тиімділігін  арттыру  үшін  аналитикалық  мәліметтер
                  жинау.
                         Су тұтынуды мониторингтеу. Су тұтынуды бақылау жүйелері аймақтық
                  деңгейде үйлесімділікке қол жеткізуді талап етеді. Бұл үшін:
                         •  Су пайдалану мөлшерін нақты есептеу;
                         •  Су  ресурстарының  ауыл  шаруашылығы,  өнеркәсіп  және  тұрмыстық
                  қажеттіліктер үшін бөлінуін бақылау;
                         •  Сандық  технологиялар  мен  автоматтандырылған  есептеу  жүйелерін
                  енгізу маңызды.
                         Орталық Азия елдерінде су ресурстары мен су тұтынуды тиімді басқару
                  мониторинг  жүйесін  жетілдіруді  қажет  етеді.  Бұл  аймақтың  экологиялық
                  тұрақтылығын  сақтауға  және  су  ресурстарын  ұтымды  пайдалануға  мүмкіндік
                  береді (кесте 30, сурет 36).

                  Кесте 30 - Орталық Азия елдеріндегі су қоры және оның тұтыну мәселелері

                      №             Елдер             Су ресуртары,         Су тұтыну,           Тиімділік,
                                                                                      3
                                                                 3
                                                         (млрд.м )            (млрд.м )              (%)
                       1   Қазақстан                        40                   35                 87,5
                       2   Өзбекстан                        50                   48                 96,0
                       3   Қырғызстан                       25                   22                 88,0
                       4   Тәжікстан                        20                   18                 90,0
                       5   Түркіменстан                     22                   20                 90,9


                                                                152
   147   148   149   150   151   152   153   154   155   156   157