Page 153 - Диссертация
P. 153

Сурет 36 - Орталық Азия елдеріндегі су қоры және оның тұтыну диаграммасы

                         Цифрлық  реттеу  және  мониторинг  моделі.  Цифрлық  реттеу  және
                  мониторинг  моделі  Орталық  Азиядағы  су  ресурстарын  басқарудағы  негізгі
                  құралға  айналуы  тиіс  [165,  158  б.].  Бұл  модель  төмендегідей  компоненттерді
                  қамтиды:
                         - Деректер жинау жүйесі. Өзендер, су қоймалары және жер асты сулары
                  туралы деректерді жинау үшін автоматтандырылған құрылғыларды пайдалану;
                         - Аналитикалық платформа. Жиналған деректерді талдау үшін заманауи
                  бағдарламалық  қамтамасыз  етуді  қолдану.  Бұл  су  ресурстарының  жағдайын
                  болжауға және тиімді шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді;
                         -  Цифрлық  карта.  Су  ресурстарының  қолжетімділігін  және  оларды
                  пайдалану деңгейін көрсететін интерактивті карталарды әзірлеу;
                         - Мобильдік қосымшалар. Су пайдаланушыларға ақпарат беруге арналған
                  қосымшалар әзірлеу. Бұл қосымшалар арқылы су тұтыну көлемін бақылау және
                  үнемдеу бойынша ұсыныстар алуға болады [224, 92 б.].
                         Төмендегі  31-кесте  мен  37-суреттен  Орталық  Азия  елдері  бойынша
                  цифрлық  және  дәстүрлі  мониторинг  жүйелерінің  тиімділік  көрсеткіштерін
                  салыстырмалы түрде айырмашылығын көре аласыздар.

                  Кесте 31 - Цифрлық және дәстүрлі мониторинг көрсеткіштері салыстырмасы

                             Көрсеткіштер                  Дәстүрлі тәсілдер              Цифрлық жүйе
                                                             тиімділігі, (%)               тиімділігі, (%)
                     Су ресурстарын бақылау                        60                            95
                     Су тұтынуды есептеу                           50                            90
                     Сапа мониторингі                              55                            92
                     Апаттарды болжау                              40                            85

                                                                153
   148   149   150   151   152   153   154   155   156   157   158