Page 151 - Диссертация
P. 151
Сондықтан да су ресурстарының жетіспеушілігі және суды пайдалану
тиімділігі мәселесінің шешімін, тиісінше, бірінші кезекте ирригациялық
суарудан іздеу керек.
Сонымен қатар, су үнемдеуші инновациялық технологияларды пайдалану
да өз кезегінде су ресурстарын ұтымды пайдалануда шешуші роль атқарады
(кесте 29).
Кесте 29 - Орталық Азиядағы су мәселелері мен шешу жолдары
Мәселелер Туындау себебі Шешу жолдары Қолдану нәтижесі
Су ресурстарын Трансшекаралық Орталық Азияның Су ресурстарын
ынтымақтастықпен ынтымақтастықтың халықаралық су- әділ бөлу және
пайдаланудың болмауы жеткіліксіздігі энергетикалық тиімді пайдалану
консорциум (ОА
ХСЭК) құру және
аймақтық келісімдер
жасау
Ирригациялық Жабдықтардың Ирригациялық Судың ысырабын
инфрақұрылымның ескіруі және жөндеу жүйелерді жаңғырту азайту және
тозуы жұмыстарының инфрақұрылымды
болмауы жақсарту
Трансшекаралық су Саяси-экономикалық Көрші елдермен Аймақтық су
басқарудағы мүдделер ортақ су басқару қақтығыстарын
келісімдердің жоқтығы қайшылығы келісімдерін әзірлеу шешу
Су ресурстарын әділ әрі тиімді пайдалану мәселелері трансшекаралық
сипатқа ие болып, мемлекеттер арасында даулы жағдайларды жиі тудырады.
Бұл бөлімде суды пайдаланудың негізгі даулы мәселелері мен оларды шешу
жолдарына назар аударылып, цифрлық реттеу және мониторинг модельдерін
енгізудің маңыздылығы қарастырылады.
Орталық Азиядағы су мәселелері. Су тапшылығы - су ресурстарының
шектеулігі өңірдің негізгі мәселесі болып табылады. Жыл сайын су қорының
азаюы ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және тұрмыстық мақсаттарға кері әсер
етуде [170, 321; 165, 107 б.].
Трансшекаралық мәселелер - Амудария және Сырдария өзендері бірнеше
мемлекеттердің аумағынан ағып өтеді. Су ресурстарын бөлу мәселесінде
мемлекеттер арасында келіспеушіліктер туындап отырады.
Ирригация жүйелерінің тиімсіздігі - ескірген ирригация инфрақұрылымы
судың үлкен көлемде ысырап болуына әкелуде. Қазіргі технологиялардың
жеткіліксіз пайдаланылуы бұл мәселені ушықтыруда.
Климаттық өзгерістер - жылу толқындарының жиілеуі, жауын-
шашынның азаюы және мұздықтардың еріп кетуі су ресурстарының табиғи
циклын бұзуда. Су ресурстарын әділ бөлу үшін мемлекетаралық келісімдерді
жетілдіру қажет. Орталық Азия елдері арасында өзара түсіністік пен
ынтымақтастық механизмдерін нығайту.
151