Page 142 - Диссертация
P. 142

маңызды рөл атқарады. Су ресурстарын басқарудағы халықаралық ұйымдардың
                  қызметі өңірдегі тұрақтылық пен экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің
                  негізі болып табылады [242].
                         Қазақстан Республикасы әлемде аумағы бойынша 9-шы орында тұрған ел
                  болғанымен,  географиялық  орналасуы,  жергілікті  климаттық  ерекшеліктері
                  және трансшекаралық су ресурстарына тәуелділігі себепті судың жеткіліктілігі
                  жағынан қамтамасыз етілмеген аймақтардың қатарына жатады. Бұл жағдай су
                  қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін су ресурстарын ұқыпты пайдалану, оларды
                  құқықтық тұрғыдан қорғау, сондай-ақ ластанудан, сарқылудан және бітелуден
                  сақтауды ұйымдастыру қажеттігін айқындайды. Мұндай шаралар тек Қазақстан
                  тұрғындары үшін ғана емес, бүкіл адамзат үшін де маңызды.
                         Қазақстанның  су  шаруашылығында  трансшекаралық  су  ресурстары
                  ерекше  рөл  атқарады,  себебі  елдің  жаңартылатын  су  қорының  жартысынан
                  астамы  оның  шекарасынан  тыс  жерлерде  қалыптасады.  Сонымен  қатар,
                  Қазақстанның  өзендердің  төменгі  ағысында  орналасуы  жоғары  ағыстағы
                  көршілерден келетін су ағындарын толыққанды бақылауға мүмкіндік бермейді,
                  бұл трансшекаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын арттырады.
                         Трансшекаралық  су  ресурстары  орналасқан  елдер  арасында  бұл  мәселе
                  саяси  және  әлеуметтік-экономикалық  шиеленістердің  өсуіне  алып  келеді.
                  Мұндай  процестер  әдетте  жергілікті  және  мемлекетаралық  деңгейде
                  қайшылықтар  мен  қақтығыстардың  туындауымен  қатар  жүреді.  Қазақстан
                  Республикасының  трансшекаралық  су  ресурстарының  анықтамасы  мен
                  құқықтық  мәртебесін  дұрыс  айқындау  су  қорын  басқару,  санитарияны
                  қамтамасыз  ету  және  су  ресурстарын  пайдалану  мен  қорғау  саласындағы
                  мемлекеттік  су  саясатын  тиімді  жүзеге  асырудың  бастапқы  қадамы  болып
                  табылады [243].
                         Қазақстан  Республикасының  экономикалық  дамуы  көп  жағдайда
                  территориялық-өнеркәсіптік  кешендер,  облыстар  және  жекелеген  қалалар
                  деңгейінде  елдің  су  ресурстарына  тәуелді.  Қазақстанның  жер  үсті  су  қоры
                  орташа сулылық кезінде 100,5 км³-ді құрайды.
                         Қазақстан  су  ресурстарымен  қамтамасыз  етілу  бойынша  ТМД  елдері
                  арасында ең төменгі көрсеткішке ие. Ел аумағында 1 км² жерге 37 мың м³ су, ал
                  бір адамға шаққанда 6 мың м³ су тиесілі [244].
                         Республиканың          әртүрлі      өңірлерінде       климаттық        ерекшеліктерге
                  байланысты  су  қорының  шамамен  90%-ы  көктемгі  кезеңде  қалыптасады.
                  Алайда,  жер  бетіндегі  су  ресурстары  аумақ  бойынша  біркелкі  таралмаған,
                  олардың көлемі жыл сайын және жыл мезгілдері бойынша өзгеріп отырады. Бұл
                  жағдай елдің әр аймағы мен экономика салаларындағы сумен қамту деңгейінің
                  айтарлықтай айырмашылығын тудырады.
                         Мысалы,  Шығыс  Қазақстан  облысы  сумен  жақсы  қамтамасыз  етілген,
                  мұнда  1  км²  жерге  290  мың  м³  су  тиесілі.  Атырау  және  Қызылорда
                  облыстарында  су  тапшылығы  байқалады,  ал  Маңғыстау  облысында  тұщы  су


                                                                142
   137   138   139   140   141   142   143   144   145   146   147