Page 144 - Диссертация
P. 144
бағалау, олардың сапасын бақылау және тұрақты пайдалану механизмдерін
құру қоғамның дамуы үшін ерекше маңызды.
Су ресурстарын бағалау және мәселелерін анықтау. Су ресурстарының
сандық және сапалық көрсеткіштерін бағалау – табиғат пайдаланудың тиімді
жүйесін құрудың негізі [246]. Орталық Азия елдерінде, оның ішінде
Қазақстанда су ресурстарын бағалауда бірнеше басты проблема бар:
Техногендік ластану, ауыл шаруашылығында қолданылатын химиялық заттар
мен өндірістік қалдықтар су ресурстарының сапасына кері әсер етеді. Табиғи
ресурстардың шектеулілігі мен климаттық өзгерістер су тапшылығын
ушықтыруда. Су пайдалану жүйелеріндегі шығындар, инфрақұрылымның
тозуы және су бөлу жүйелеріндегі үйлесімсіздік бұл мәселені күрделендіреді.
Су ресурстарын басқару тетіктерін М.Х.Сарсенбаев және Ж.А.Жанабаева
зерттеулерінде су ресурстарын басқарудың бірнеше негізгі аспектілері атап
өтілген [247]. Су ресурстарын басқаруда табиғи және экономикалық
жүйелердің өзара байланысын ескеру қажет. Суды үнемдеу және қалпына
келтіру технологияларын енгізу су ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік
береді. Трансшекаралық су ресурстарын басқару үшін көршілес елдермен
бірлескен әрекеттерді ұйымдастыру маңызды.
Авторлар су ресурстарын басқаруда келесі шаралардың маңыздылығын
атап өтеді. Су сапасын бақылауды күшейту үшін заманауи мониторинг
жүйелерін енгізу. Су шығындарын азайту мақсатында инфрақұрылымды
жаңғырту. Халықаралық деңгейде су бөлу туралы келісімдерді әзірлеу және
оларды орындау. Қоғамда суды үнемдеу мәдениетін қалыптастыру.
Су ресурстарын дұрыс бағалау және басқару – бұл тек экологиялық емес,
сонымен қатар экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз
етудің негізі. Қазақстандағы су ресурстарының қазіргі жағдайы тұрақты дамуға
қол жеткізу үшін тиімді шешімдер қабылдауды қажет етеді. Осы саладағы
ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік ұсыныстар бұл мәселелерді шешудің
маңызды құралы болып табылады.
Мысалы, Дунай өзені 18 мемлекеттің аумағын басып өтеді. Сонымен
қатар, Африка мен Таяу Шығыстағы көптеген елдер өздерінің суға деген
қажеттіліктерін көршілес елдерден ағып келетін «шетелдік» су ресурстары
арқылы қанағаттандырады.
Әлемде суды пайдалану көлемі жыл сайын артып келеді. ХХІ ғасырдың
басында су тапшылығы мен күйзелісі жағдайындағы елдерде Жер халқының
70%-дан астамы өмір сүрсе, 1950 жылы мұндай мәселе ешбір елде байқалмаған
еді. Су күйзелісі – бұл судың тапшылығы салдарынан қалыптасатын күрделі
жағдай, онда мемлекет қолда бар су ресурстарының 40%-дан астамын
пайдалануға мәжбүр болады.
Су тоғандарының микрофлорасы экожүйенің тұрақтылығы мен
биологиялық тепе-теңдігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Бұл
микрофлора табиғи су қоймаларында ғана емес, сонымен қатар жасанды су
144