Page 137 - Диссертация
P. 137
ету үшін цифрлық технологиялар мен мониторинг жүйелерін енгізу қажет.
Орталық Азиядағы трансшекаралық суларды ортақ пайдалану елдер
арасындағы интеграцияның негізгі элементіне айналды. Бұл аймақтық
тұрақтылықты сақтап, су ресурстарын тиімді пайдалануға, экологиялық тепе-
теңдікті қамтамасыз етуге және әлеуметтік-экономикалық дамуды қолдауға
мүмкіндік береді. Су ресурстарын бірлесіп басқару Орталық Азия елдеріне ұзақ
мерзімді даму стратегияларын жүзеге асыруда тиімді нәтижелерге қол
жеткізуге мүмкіндік береді. Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және
Түрікменстан арасындағы ынтымақтастық экономикалық және әлеуметтік даму
мақсаттарына қол жеткізу үшін тиімді шешімдер ұсынады. Интеграциялық
процестерді дамытудың басты шарты – мемлекетаралық сенім мен ашықтық
[236].
Орталық Азиядағы ең ұзын өзендердің бірі Сырдария өзені. Ол
Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан аумақтарынан ағып өтеді
және Орталық Азияның су ресурстарының маңызды бөлігі болып табылады.
Бұл бассейнде трансшекаралық су ресурстарын бірлесіп басқарудың өзекті
мәселелері қарастырылған (сурет 27).
Сурет 27 - Сырдария бассейнінің картасы
137