Page 147 - Диссертация
P. 147
Сурет 32 - Орталық Азия мемлекеттері арасында суға қатысты қауіп-қатерлер
Орталық Азияда су ресурстарын біріктіріп басқару (Integrated Water
Resources Management, IWRM) — аймақтағы су тапшылығын еңсеру мен
трансшекаралық өзендерді тиімді пайдаланудың маңызды тәсілі. Су
ресурстарының шектеулігі, демографиялық өсім және экономикалық дамудың
әсерінен трансшекаралық өзендерді басқару мәселесі күннен күнге
күрделенуде. Глобальное водное партнерство (2014) зерттеуінде бұл
мәселелерді шешу жолдары мен басқару әдістері қарастырылған.
Аймақ елдері арасында су ресурстарын бірлесіп пайдалану жөніндегі
келісімдердің жеткіліксіздігі су ресурстарын тиімді басқаруға кедергі келтіруде.
Әсіресе Амудария мен Сырдария өзендеріндегі су бөлісу бойынша ортақ
стратегияның болмауы су тапшылығын ушықтыруда [251].
Климаттың өзгеруі мұздықтардың еруіне және өзендердің су көлемінің
азаюына әкелуде. Бұл жағдай суға тәуелді ауыл шаруашылығы мен
гидроэнергетика секторларына теріс әсер етеді.
Су ресурстарын әділ бөлу әрдайым дау туғызатын мәселе болып қала
береді. Өзендердің жоғары ағысында орналасқан елдер (Қырғызстан мен
Тәжікстан) гидроэнергетикаға басымдық берсе, төменгі ағыста орналасқан
елдер (Өзбекстан, Қазақстан, Түрікменстан) ауыл шаруашылығына қажетті
судың көлемін арттыруды талап етеді.
Зерттеуде мемлекеттер трансшекаралық өзендерді басқаруда ортақ
принциптерге сүйеніп, су ресурстарын біріктіріп басқару стратегиясын әзірлеуі
керек. БҰҰ, ХАҚҚ (Халықаралық Аралды құтқару қоры), ӘКӨК
(Мемлекетаралық үйлестіру су шаруашылығы комиссиясы) сынды ұйымдармен
белсенді жұмыс жүргізіп, трансшекаралық су ресурстарын басқарудың
халықаралық тәжірибесін қолдану ұсынылады.
147