Page 134 - Диссертация
P. 134

Кесте 24 - Су объектілерін заңсыз иеленгені үшін айыппұлдар

                                    Категория                     Қазіргі     Жаңа     Айырмашылық  2024 ж.
                                                                 мөлшері  мөлшері                       мөлшері
                                                                  (АЕК)       (АЕК)                      (теңге)
                   Жеке тұлғалар                                    30         150          5 есе        553 800
                   Лауазымды тұлғалар, шағын кәсіпкерлік            40         200          5 есе        738 400
                   немесе коммерциялық емес ұйымдар
                   Орта кәсіпкерлік субъектілері                    60         300          5 есе       1 107 600
                   Ірі кәсіпкерлік субъектілері                     260       1300          5 есе       4 799 600

                  Кесте 25 - Суды мақсатсыз пайдаланғаны үшін айыппұлдар

                                    Категория                     Қазіргі    Жаңа     Айырмашылық       2024 ж.
                                                                 мөлшері    мөлшері                     мөлшері
                                                                  (АЕК)      (АЕК)                       (теңге)
                    Жеке тұлғалар                                   10         50          5 есе        184 600
                    Лауазымды тұлғалар, шағын кәсіпкерлік           20        100          5 есе        369 200
                    немесе коммерциялық емес ұйымдар
                    Орта кәсіпкерлік субъектілері                   30        150          5 есе        553 800
                    Ірі кәсіпкерлік субъектілері                   170        850          5 есе       3 138 200

                         Айырмашылықтардың  негізгі  бағыттары.  Айыппұл  мөлшерлерінің
                  ұлғаюы, барлық категориялар бойынша 5–10 есе өсуі байқалады.
                         Суды  заңсыз  немесе  ұтымсыз  пайдалануды  қатаң  реттеуү  Арнайы  су
                  пайдалану құқығының болмауы және рұқсат етілген көлемнен асып кету үшін
                  қатаң шаралар енгізіледі.

                         Экологиялық  жауапкершілікті  күшейту  мақсатында  жасалып  жатқан
                  жұмыстар,  су  объектілерін  қорғау  мен  дұрыс  пайдалану  мәселелерінде
                  жауапкершілік  жүктеу  механизмі  тиімділігін  арттыруға  бағытталған.  Су
                  ресурстарын  тиімді  пайдалануға  ынталандыру.  Заң  бұзушылықтарды  азайту.
                  Бұл  өзгерістер  су  объектілерін  басқару  мен  қорғаудағы  құқықтық  және
                  экономикалық  тетіктерді  күшейтуге  бағытталған  шаралар  жиынтығы  болып
                  табылады.
                         Су  объектілерін  қорғау  бағытындағы  бұл  қатаң  әкімшілік  бақылау
                  тетіктері  Қазақстанның  су  дипломатиясындағы  сенімділік  пен  келісімділікті
                  қалыптастыруға  бағытталған.  Мемлекет  өз  аумағындағы  су  ресурстарының
                  ластануына,  ысырапталуына  жол  бермей,  трансшекаралық  өзендер  бойынша
                  келіссөздер  жүргізгенде  өз  тарапынан  жауапкершілікті  қамтамасыз  ететін  ел
                  ретінде көрінеді.
                         Сонымен  қатар,  бұл  тетіктер  Қазақстанның  Хельсинки  Конвенциясы
                  (1992) және БҰҰ-ның Трансшекаралық сулар туралы Конвенциясы шеңберінде
                  қабылдаған  міндеттемелерін  орындауын  да  нақты  көрсетеді.  Яғни  ішкі
                  құқықтық тәртіп – сыртқы су дипломатиясының іргетасы болып табылады.
                         Осыған  орай,  Қазақстан  Республикасындағы  су  объектілерін  қорғау
                  жүйесі  мен  айыппұлдық  реттеу  тетіктері  тек  ішкі  экологиялық  тәртіп  емес,
                                                                134
   129   130   131   132   133   134   135   136   137   138   139