Page 136 - Диссертация
P. 136
4 ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ СУ РЕСУРСТАРЫН ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ
БАСҚАРУДЫ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ МЕН БОЛАШАҒЫ
4.1 Орталық Азиядағы трансшекаралық суларды ортақ пайдалану
интеграция элементі ретінде қарау
Орталық Азия елдері үшін трансшекаралық су ресурстары тек
экономикалық даму көзі ғана емес, сондай-ақ экологиялық тұрақтылық пен
әлеуметтік даму үшін маңызды стратегиялық ресурс. Өзендер мен су
қоймаларының аймақтық деңгейде тиімді басқарылуы елдер арасындағы
ынтымақтастық пен тұрақтылықтың негізгі факторы болып табылады. Бұл
өзара тиімді интеграцияны қамтамасыз етеді.
Интеграция элементтері су ресурстарын әділ бөлу және су бөлісу
мәселелері бойынша мемлекетаралық келісімдер арқылы реттеледі. Өзендердің
су көлемі маусымдық ауытқуларды ескере отырып әділ бөлінеді. Халықаралық
келісімдерге сүйеніп, әр елдің қажеттілігіне қарай суды әділ үлестіру
қамтамасыз етіледі [234].
Сонымен қатар, Орталық Азия елдері бірлесіп ортақ пайдаланатын ірі су
қоймаларына Тоқтоғұл су қоймасы, Қайраққұм су қоймасын айтуға болады. Бұл
су қоймалары халықты сумен қамтамасыз етіп қана қоймай электр
энергиясыменде қамтамасыз етеді. Қоймаларды бірлесіп басқару арқылы судың
энергетикалық және ирригациялық қажеттіліктерге бөлінуі үйлестіріледі.
Су инфрақұрылымын бірлесіп дамыту барысында су арналарын, бөгеттер
және басқа гидротехникалық құрылыстарды салу мен жаңғырту жұмыстары
елдер арасында ортақ қаржыландыру арқылы жүзеге асырылады. Бірлескен
жобалар (мысалы, каналдар мен су қоймаларын жаңарту) су шығынын азайтып,
су тиімділігін арттырады [170, 331 б.].
Аймақтық экономикалық дамуы трансшекаралық өзендерді тиімді
басқару ауыл шаруашылығында, энергетикада және өнеркәсіпте тұрақты
дамуды қамтамасыз етеді. Ортақ су ресурстары арқылы экономиканың түрлі
салаларында тұрақтылыққа қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сол себепті
аймақтық ынтымақтастықтың маңызы өте зор болып табылады.
Су ресурстарын әділ бөлу халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыруға
және суға байланысты жанжалдардың алдын алуға ықпал етеді. Таза ауыз суға
қолжетімділікті қамтамасыз ету халықтың өмір сүру сапасын арттырады. Су
ресурстарын бірлесіп бақылау және қорғау шаралары табиғи экожүйелердің
тепе-теңдігін сақтауға ықпал етеді. Трансшекаралық өзендердің ластану
деңгейін төмендету аймақтың экологиялық жағдайын жақсартады [235].
Интеграциялық процестердің негізгі шарттарың бірі мемлекетаралық
сенім болып табылады. Елдер арасындағы ашық диалог пен ынтымақтастық
сенім деңгейін арттырады. Трансшекаралық өзендер бойынша ақпарат алмасу
жүйелері енгізіледі. Су ресурстарын басқару мәселелерінде халықаралық
стандарттарды сақтау, су пайдаланудағы ашықтық пен есептілікті қамтамасыз
136