Page 135 - Диссертация
P. 135
сонымен қатар су дипломатиясының сенімді компоненті ретінде
қарастырылады. Бұл Қазақстанның аймақтық және халықаралық деңгейдегі су
қауіпсіздігі мен ынтымақтастығын нығайтуға мүмкіндік береді.
Үшінші бөлім бойынша тұжырым
Бұл тарауда Қазақстан Республикасының Су кодексінің су дипломатиясы
саласындағы концептуалдық, құқықтық және практикалық маңыздылығы жан-
жақты қарастырылды. Жаңа Су кодексі су ресурстарын басқарудың ұлттық
жүйесін жетілдіруге, трансшекаралық өзендер бойынша халықаралық
ынтымақтастықты нығайтуға және экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз
етуге бағытталған.
Су кодексі Қазақстанның су дипломатиясының құқықтық негізі болып
табылады және трансшекаралық өзендерді әділ, экологиялық жауапты
басқаруды көздейді. Кодексте халықаралық шарттарға, атап айтқанда 1992
жылғы Хельсинки конвенциясына сәйкестік қамтамасыз етіліп, көршілес
елдермен өзен бассейндерін бірлесе басқару қағидаттары бекітілген.
Трансшекаралық су қатынастарында Қазақстанның мүддесін қорғауға, су
ресурстарын әділ бөлісуге, дауларды бейбіт жолмен шешуге және халықаралық
стандарттарға сай әрекет етуге құқықтық негіз қаланған.
Су дипломатиясының негізгі басымдықтары – халықаралық
ынтымақтастық, экожүйелерді қорғау, су сапасын сақтау, инвестиция тарту
және суды ұтымды пайдалану. Су ресурстарын қорғау бойынша заңнамалық
өзгерістер экологиялық жауапкершілікті арттырып, құқық бұзушылықтарды
азайтуға бағытталған тиімді тетіктерді ұсынады.
Қазақстан Республикасының жаңартылған Су кодексі елдің су
дипломатиясын аймақтық және халықаралық деңгейде нығайтып, экологиялық
қауіпсіздік пен тұрақты даму жолындағы маңызды құралға айналып отыр.
135