Page 127 - Диссертация
P. 127
• Дауларды бейбіт шешу өзара түсіністікке негізделген келіссөздер
жүргізу, арбитраж тетіктері мен халықаралық делдалдардың қатысуы арқылы
су қақтығыстарын ушықтырмай реттеуге мүмкіндік береді.
• Экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету – трансшекаралық
өзендердің табиғи жағдайын сақтау мен қалпына келтіруге бағытталған,
тұрақты даму талаптарына сай ұзақ мерзімді саясатты көздейді.
Бұл ережелер Орталық Азиядағы су ресурстарын басқаруда үйлесімділік
пен құқықтық негізді қамтамасыз етудің маңызды құралы болып табылады.
3.4 Су кодексінің Қазақстанның су дипломатиясындағы бағыты
Қазақстан Республикасының Су кодексі су дипломатиясының құқықтық
негізі ретінде маңызды рөл атқарады. Ол елдің су ресурстарын тиімді
басқаруға, көршілес мемлекеттермен әріптестік орнатуға және халықаралық
нормаларға сәйкес әрекет етуге мүмкіндік береді. Су кодексінің қағидаттары
мен талаптары Қазақстанның Орталық Азиядағы су саясатының негізін
құрайды және трансшекаралық су мәселелері бойынша келіссөздер жүргізу
үшін құқықтық алаң қалыптастырады [227]. Бұл бөлімде Су кодексінің су
дипломатиясындағы негізгі рөлдерін, бағыттарын және баптарын талдаймыз
(18-20-кестелер).
Кесте 18 - Су кодексінің су дипломатиясындағы негізгі рөлдері
Рөлі Сипаттамасы
Халықаралық Су кодексі трансшекаралық өзендерге қатысты халықаралық
келісімдердің негізі келісімдерді заңнамалық негізде бекітіп, олардың орындалуын
қамтамасыз етеді.
Трансшекаралық Су кодексі көршілес елдермен трансшекаралық су ресурстарын әділ
мәселелерді реттеу және тиімді бөлу үшін келіссөздер жүргізуге құқықтық негіз береді.
Экожүйелерді Су экожүйелерін сарқылудан және ластанудан қорғау.
қорғау
Бассейндік басқару Кодекс өзен бассейндерін басқару қағидатын негізге ала отырып,
қағидалары трансшекаралық өзендердің су ресурстарын кешенді басқару
тетіктерін енгізуді қамтамасыз етеді.
Халықаралық Су кодексі БҰҰ, ЕҚЫҰ және басқа халықаралық ұйымдардың
ұйымдармен ұсыныстарын ескере отырып, трансшекаралық өзендер
ынтымақтастық мәселелерінде халықаралық ынтымақтастықты күшейтуді көздейді.
Кесте 19 - Су кодексінің негізгі баптары және олардың су дипломатиясындағы
рөлі
Бап Мазмұны Су дипломатиясындағы рөлі
1 2 3
15-бап. Трансшекаралық өзендерді бірлесіп Көршілес елдермен су бөлісу
Трансшекаралық пайдалану, оларды қорғау және әділ мәселелерінде құқықтық негіз
сулар бөлу қағидаттары бекітіледі. ретінде қолданылады.
127