Page 9 - Dissertation
P. 9
- тұрақты даму жағдайындағы ақылды қала тұжырымдамасының ғылыми-
теориялық және әдіснамалық негіздерін зерттеу негізінде қалыптастыруға
ықпал ететін мемлекеттік реттеудің ерекшеліктерін анықтау;
- мемлекеттік реттеу бойынша шетелдік және қазақстандық тәжірибені
талдауда Түркістан қаласының жағдайына бейімдеуге мүмкіндік беретін негізгі
тәсілдерді, тиімді практикалар мен құралдарды зерттеу;
- Түркістан қаласында «ақылды қала» көрсеткіштерін бағалау арқылы
негізгі факторларды анықтау;
- Түркістан қаласында ақылды қала тұжырымдамасын іске асыруға
мүмкіндік беретін көрсеткіштерді модельдеу;
- Түркістан қаласының тұрақты дамуы жағдайында ақылды қаланы
мемлекеттік реттеу және басқарудың стратегиялық бағыттарын жетілдіру
бойынша ұсыныстарды дайындау.
Зерттеу нысаны: Түркістан қаласындағы ақылды қаланы дамыту үдерісін
мемлекеттік реттеу және басқару процестері.
Зерттеу пәні: ақылды қаланы дамыту барысында қолданылатын
мемлекеттік реттеу саясатының механизмдері.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
- Тұрақты даму жағдайындағы «ақылды қала» тұжырымдамасының
ғылыми-теориялық және әдіснамалық негіздері зерттеліп, ақылды қалаларды
қалыптастыруға ықпал ететін мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері анықталды.
- ақылды қаланы тұрақты дамытуда сапалық және сандық талдаулардың
айырмашылықтарына байланысты мәселелердің шешу жолдары ұсынылды.
- Шетелдік және қазақстандық тәжірибелер талданып, Түркістан
қаласының жағдайына бейімдеуге мүмкіндік беретін негізгі тәсілдер, тиімді
практикалар мен құралдар зерделенді.
- Түркістан қаласында «ақылды қала» тұжырымдамасын іске асыруға
мүмкіндік беретін көрсеткіштер модельденді.
- Түркістан қаласының тұрақты дамуы жағдайында ақылды қаланы
мемлекеттік реттеу және басқарудың стратегиялық бағыттары жетілдіріліп,
тиісті ұсыныстар дайындалды.
Қорғауға манадай ережелер шығарылады:
1. Тұрақты даму мақсаттары мен ақылды қала тұжырымдамасы
арасындағы өзара байланысты айқындауға негізделген ғылыми деректерді
кешенді талдау нәтижесінде оны мемлекеттік реттеу тетіктерін зерттеуге
авторлық тәсіл ұсынылды. Бұл тәсіл әртүрлі теориялық және әдіснамалық
бағыттарды біріктіре отырып, ақылды қаланы халықтың өмір сүру сапасын
арттыруға және қалалық басқаруды оңтайландыруға бағытталған цифрлық
технологиялардың жүйесі ретінде қарастырады.
2. Шетелдік және қазақстандық тәжірибелерді зерттеу арқылы «ақылды
қаланың» негізгі элементтері (цифрлық инфрақұрылым, жасанды интеллект,
деректерді өңдеу жүйелері, тұрақты көлік және экологиялық шешімдер)
анықталды. Ұлттық заңнама мен мемлекеттік жобаларды ескере отырып, осы
элементтерді кезең-кезеңімен енгізудің маңызы көрсетілді, сондай-ақ Түркістан
9