Page 6 - Dissertation
P. 6
КІРІСПЕ
Диссертациялық зерттеу тақырыбының өзектілігі. Бүгінгі таңда әлем
елдері тұрақты даму тұжырымдамасын басты бағыт ретінде қарастыруда. БҰҰ
ұсынған Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) – экономикалық өсу, әлеуметтік
әділеттілік пен қоршаған ортаны қорғауды үйлестіре отырып, адамзаттың әл-
ауқатын арттыруға бағытталған әмбебап бағдарлама болып табылады. Бұл
мақсаттарды жүзеге асыруда қалалардың орны ерекше, себебі әлем халқының
едәуір бөлігі урбандалған аймақтарда өмір сүреді. Көптеген болжамдарға
сәйкес, 2050 жылға қарай қалалардағы халық саны шамамен 66 пайызды
құрайды, бұл 2,5 миллиардтан астам жаңа қала тұрғындарына тең [1]. Дегенмен
өмір сүру сапасын жақсарту, экономикалық тартымдылықты және қаланың
тұрақты дамуын қамтамассыз ету, яғни оны жүзеге асыру мақсаттарға қол
жеткізу үшін Ақылды қала тұжырымдамасын азаматтарға шоғырландыру және
енгізу қажет.
Қазіргі уақытта елімізде ақылды қала тұжырымдамасының үздіксіз жұмыс
істеуі мен дамуына цифрландырудың ықпалына ерекше назар аударылып отыр.
Ақылды қала — бұл тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту, қалалық
инфрақұрылымды тиімді басқару және қоршаған ортаға әсерін азайту
мақсатында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға
негізделген концепция.
Осыған сәйкес Қазақстанның жалпы әлемдік ақпараттық кеңістікке шығуы
мен жаһандық бәсекелстікке қабілетін көрсететін мемлекеттік жобалар мен
ұлттық идеялар тақырыптың өзектілігін дәлелдейді.
Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті- Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың 2014 жылғы қаңтардағы халыққа жолдауында «Қазақстан-2050»
стратегиясын ұсынды. Стратегияның негізгі мақсаты- Қазақстанды 2050 жылға
қарай әлемнің 30 елінің біріне айналдыру. Бұл стратегияның негізгі
аспектілерінің бірі ақылды қалаларды дамыту, қала өмірінің тиімділігін,
жайлылылғымен тұрақтылығын арттыру үшін қаланы жүйелі түрде басқару,
инфрақұрылым мен экономика және қоғамдық салада озық технологияларды
тиімді пайдалануды білдіреді [2].
«Ақпараттық Қазақстан-2020» мемлекеттік бағдарламасы 2013 жылы
ақпараттық қоғамның инфрақұрылымын құрудың, электрондық
әкімшілендіруді дамытудың, интернетке қолжетімділікті жақсартудың және
электорндық коммерцияны дамытудың бастамасы болды. Бұл бағдарлама
Қазақстанды 2013-2020 жылдар аралығында жаһандық кеңістікке ілгерлету,
елге мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету, мамандандырылған инкубаторлар
мен инновациялық орталықтар құру, сондай-ақ ақылды технологиялар
саласындағы инновацияларды ілгерлету жолындағы алғашқы қадам болып
табылады [3].
2017 жылдың 12 желтоқсанында тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің
жыл сайынғы жолдауында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы
іске қосылды. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы цифрлық
6