Page 11 - Dissertation
P. 11
қала моделін дамыту осы стратегияның аясында қарастырылып, мемлекеттік
реттеу жүйесін оңтайландыру мен ресурстарды тиімді пайдалануды қамтамасыз
етуге бағытталған.
Тұрақты даму мақсаттары негізінде ақылды қаланы мемлекеттік реттеу
жолдары Түркістан қаласында «Қазақстан – 2050» стратегиясының
мақсаттарына сай жүзеге асырылуда. Ақылды қала технологияларының
енгізілуі қала инфрақұрылымын, экологиясын және әлеуметтік саласын
дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларға толық сәйкестігін
қамтамасыз етеді. Бұл ретте, сыртқы және ішкі тәуекелдерге әсер ететін
факторларды алдын ала анықтап, оларды оңтайландыру үшін ақпараттық
жүйелерді енгізу және деректерді жинақтау мен талдаудың заманауи тәсілдерін
қолдану маңызды болып табылады.
Мемлекеттік реттеу мен ақылды қала моделін дамыту стратегиялық
жоспарлар мен мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру арқылы Түркістан
қаласында экологиялық, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты
қамтамасыз ету мүмкіндігі артады. Сонымен қатар, қалада жүргізілетін басқару
реформалары мен жобалар мемлекеттік қызмет жүйесінің трансформациясына,
сонымен қатар ресурстарды оңтайлы пайдалану мен әкімшілік қателіктерді
минимизациялауға бағытталған.
Диссертацияның теориялық маңыздылығы. Теориялық маңыздылығы
тұрақты даму жағдайындағы ақылды қала тұжырымдамасының әдістемелік
және теориялық аспектілерін зерттеуді талап етеді. Түркістандағы ақылды
қаланы мемлекеттік реттеу және дамыту жолдарын зерделеу жалпы ақылды
қалаларды дамытуға бағытталған нақты тұжырымдамалық негізді
қалыптастыруға көмектеседі. Бұл тақырып тұрақты дамудың үш тірегі –
экономикалық, әлеуметтік және экологиялық аспектілердің үйлесімділігін
қамтамасыз ете отырып, жаңа ғылыми білімдерді жетілдіруге ықпал етеді.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы: Түркістан қаласында ақылды
қала стратегияларын және тәжірибелерін зерттеу мен дамыту жұмыстары
жүргізілуде. Бұл инновациялық тәсіл болып табылады, себебі бұрын бұл
тақырыпта зерттеулер жүргізілмеген. Ақылды қалаларды мемлекеттік реттеу
салыстырмалы түрде жаңа және зерттелмеген бағыт, сондықтан осы
диссертациялық жұмыстың теориялық маңызы ақылды қала туралы қазіргі
білімді кеңейту және қаланы басқаруда цифрлық технологияларды
пайдаланудың әдістемелік негіздерін жетілдіру болып табылады. Зерттеу
жұмысының практикалық маңызы мемлекеттік органдардың қызметінде келесі
бағыттарда қолданылуы мүмкін:
Ақылды қала стратегияларын жүзеге асыру үшін мемлекеттік реттеу
жүйесінде цифрлық технологияларды енгізудің жолдарын айқындау;
Түркістан қаласында ақылды қала тұжырымдамасын енгізу бойынша
қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді бағдарламалар әзірлеу;
Ақылды қала модельдерінің тиімділігін бағалау және оларды дамыту
деңгейін зерттеу;
11