Page 12 - Dissertation
P. 12

 Қалалық басқару саласында қызметшілерді оқыту, олардың біліктілігін
                  және құзыреттерін арттыру;
                         Мемлекеттік және жергілікті басқару жүйесінде ақылды қала жобаларын
                  басқару бойынша білім беру бағдарламаларын әзірлеу.
                        Бұл   зерттеу   Түркістан   қаласының   бәсекеге   қабілеттілігін   арттыруға,
                  инвесторлар   мен   халықаралық   ұйымдар   үшін   қаланың   тартымдылығын
                  жоғарылатуға   ықпал   етеді.   Сонымен   қатар,   диссертациялық   жұмыстың
                  мақсаттары мен міндеттерін орындау қала экономикасын, білім беру жүйесін,
                  цифрлық   экономиканы   және   өңірдің   әлеуметтік-экономикалық   әлеуетін
                  жақсартуға   жәрдемдеседі,   сондай-ақ   Түркістанда   тұрақты   қаланы   дамытуға
                  ықпал   етеді.   Түркістанда   ақылды   қаланы   құру   индикаторларын   модельдеу
                  мемлекеттік реттеудің дамуына әсері тұрғысынан маңызды болады.
                        Күтілетін нәтижелер – зерттеу барысында алынған нәтижелер Түркістан
                  қаласының   цифрландыру,   мемлекеттік   қызметтер   көрсету   және   архивтерді
                  басқару   салаларында,   сондай-ақ   ЖОО-да   сәйкес   пәндерді   жүргізу   үшін
                  қолданылады.
                        Диссертация   нәтижелерінің   апробациядан   өтуі  –  жұмыстың   негізгі
                  мазмұнын   айқындайтын   зерттеудің   басты   қорытындылары   басылымдарда
                  жарияланған   мақалаларда   көрініс   тапты.   Диссертация   тақырыбы   бойынша
                  барлығы 6 ғылыми жұмыс жарыққа шықты, соның ішінде Thomson Reuters
                  және   Scopus   мәліметтер   базасына   кіретін   1   ғылыми   мақала,   Қазақстан
                  Республикасының білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған

                  экономикалық басылымдарда 5 ғылыми мақала жарияланды.
                        Диссертацияның   құрылымы   мен   мазмұны.  Диссертациялық   жұмыс
                  нормативтік   сілтемелер,   қысқартулар   мен   белгілер,   кіріспе,   үш   бөлім,
                  қорытынды   және   пайдаланылған   әдебиеттер   тізімінен   тұрады.   Жұмыстың
                  негізгі мазмұны 135 беттен тұрады, 30 сурет және 16 кестені қамтиды.




































                  12
   7   8   9   10   11   12   13   14   15   16   17