Page 7 - Dissertation
P. 7
экономиканы дамытуға және елдегі инновациялардың өсуіне жағдай жасауға
бағытталған. Осы мемлекеттік бағдарлама шеңберінде ақылды қаланы дамыту
және қалалық инфрақұрылымды цифрландыруға бағытталған [4].
«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа
мүмкіндіктері» атты жолдауында еліміздің даму стратегиясының негізгі
элементі ретінде ақылды қала, ақылды ұлт құрудың маңыздылығын 2018
жылдың қаңтарында Қазақстан Республикасының тұңғыш перзиденті
Н.Ә.Назарбаев жолдауында атап көрсетілген. Жолдаудың негізгі мақсаты-
озық технологияларды пайдалану, цифрландыру және инновациялық
экономиканы дамыту арқылы қалалар мен ұлттың ақылды дамуын қолдау және
ынталандыру болып табылады [5].
Қазақстан Республикасының заңында «электрондық үкіметтің»
ақпараттық құралдарын, сондай-ақ ақпарттық коммуникациялық
құызыреттерін құру және пайдалану қарқынды дамып келе жатқандығы
қарастырылған [6]. Бұл нәтижедегі өзгерістер желілік технологияларға және
деректерді өндеуге әсер ететіндігіне байланысты. Тиісінше ақпараттық-
коммуникациялық технологиялар адам өмірінің көптеген салаларында және
экономикалық жағдайда қолданылады. Ғылыми зерттеулердің өзектілігінің
негізі ақылды қаланы мемлекеттік реттеу жолдарын зерттеу болып табылады.
Бүгінгі таңда ол көптеген елдердің жалпы ішкі өнімнің едәуір бөлігін
қамтамасыз етеді. Қалалар ұлттық, аймақтық және жаһандық дамуда шешуші
рөл атқарады. Адамдардың өмір сүру сапасы осыған байланысты. Сондықтан
қазіргі уақытта халық санының көбеюі қалалық инфрақұрылымдардың болуы,
қалалық аумақтардың қауіпсіздігі, экологиялық таза және өзін-өзі басқару
сияқты ерекше талаптарды қояды. Мысалы, урбанизацияны қалалық елді
мекендердің өсуін, халықтың шоғырланудағы әлеуметтік-экономикалық
өзгерістерді зерттейтін бағыт деп айтылады.
Қалалардағы тұрақты даму және урбанизацияның жоғары деңгейін
қамтамассыз ету мәселелері ел үкіметінің стратегиялық бағдарламалық
құжаттары мен жоспарларына енгізілген. Сонымен қатар, Қазақстанның 2025
жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарында қуатты өңірлер және
урбанизация реформасының негізгі бағыты орта және шағын қалаларды дамыту
қарастырылған. Ақылды қала жобаларын жүзеге асыру және қалаларды
цифрландыру екені көрсетілген. Қалааралық инфрақұрылымды дамыту және
2025 жылға қарай қала тұрғындарының үлесін 60 пайызға дейін арттыру
көзделген [7]. Осылайша, мемлекеттік органдар мен қала басшылығында
туындайтын бірқатар мәселелерді шешіп қана қоймай, сонымен қатар
қалаларды түбегейлі қайта құруды жүзеге асыратын жаңа міндеттер
туындайды. Барлық қалалардың өсуінен туындайтын мәселелер: көлік
мәселелері, экологиялық мәселелер, қылмыс пен әлеуметтік шиеленістің өсуі,
сондай-ақ шектеулі табиғи ресурстар мәдени мұраның жойылуына әкеліп
соқтырады. Бұл кедергілердің шешімі қала құрылысының жаңа моделі ақылды
қала тұжырымдамасы арқылы алуға болады. Бұл модель адам өмірінің барлық
салаларын шешу үшін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
7