Page 10 - Dissertation
P. 10

қаласының   ерекшеліктеріне   сәйкес   шетелдік   озық   тәжірибелерді   бейімдеу
                  қажеттілігі негізделді.
                         3. Түркістан қаласында ақылды қаланы қалыптастыру барысы факторлық
                  талдау әдісімен бағаланып, ақылды шешімдерді жедел әрі тиімді енгізуге ықпал
                  ететін ынталандырушы (драйверлер) және шектеуші факторлар айқындалды.
                  Жергілікті   деңгейдегі   саясатты   түзетудің   бағыттары   ұсынылып,   анықталған
                  кедергілерді еңсеру мен оң үрдістерді күшейту шаралары көрсетілді.
                         4.   Қалалық   ортаның   әлеуметтік-экономикалық,   технологиялық   және
                  экологиялық аспектілерін интеллектуалды шешуге бағытталған тұрғындар мен
                  мемлекеттік,   жеке   сектор   арасында   тікелей   байланыс   орнатуға   болатын
                  мобильді қосымша платформасының моделін әзірленді.
                         Зерттеу   әдістемесі   мен   әдістері.  Тұрақты   даму   жағдайында   ақылды
                  қаланы мемлекеттік реттеудің негізін  отандық және шетелдік ғалымдардың
                  ғылыми зерттеулері құрайды. Әдістемелік негізін Түркістан қаласын тұрақты
                  даму   жағдайындағы   жергілікті   тұрғындардың   ақылды   қаланы   қабылдау
                  моделін   зерттеу   нәтижелерінен   тұрады.   Ақылды   қала   тұжырымдамаларын
                  зерттеу және әдеби шолу жүргізу үшін теориялық зерттеу әдістері, жүйелік
                  және жалпылау тәсілдері қолданылды.
                        Зерттеу   ақылды   қала   тұжырымдамасы   бірнеше   негізгі   аспектілерден
                  тұрады:   ақылды   адамдар,   ақылды   экономика,   интеллектуалды   ұтқырлық,
                  ақылды басқару, ақылды орта және ақылды өмір.
                        Бұл аспектілерді тиімді бағалап, қала өміріне енгізу үшін арнайы ақылды

                  қала моделі жасалды. Бұл модель қаладағы ақылды технологияларды енгізудің
                  жүйелі әдістерін ұсынады, ал оны жүзеге асыру моделі осы технологиялардың
                  тиімді қолданылуын қамтамасыз етеді.
                        Түркістан қаласында ақылды қала тұжырымдамасының жүзеге асырылуын
                  факторлық талдау және бағалау Eviews бағдарламасы арқылы сандық әдіспен
                  статистикалық   талдау   арқылы   жүргізілді.   Зерттеудің   әдіснамалық   негізі
                  Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі, Қазақстан Республикасының
                  тұңғыш  Президенті   жарлығымен   бекітілген   стратегиялық   бағдарламалар,
                  сондай-ақ шетелдік және отандық ғалымдардың еңбектері болып табылады.
                        Ақылды қаланы қабылдау моделін эмпирикалық тексеру үшін сауалнама
                  әдістері қолданылды. Сауалнама жауаптары SPSS 22 бағдарламасына енгізіліп,
                  салыстырмалы   талдау   жасалынып,   деректердің   сенімділігін   тексеру   үшін
                  Кайзер-Мейер-Олкин (КМО) жарамдылық сынағы және Бартлеттің сфералық
                  сынағы қолданылды, PLS-SEM әдісі арқылы ақылды қала моделі талданды,
                  нормативті   тестілеу   нәтижелері   мен   факторлық   талдау   ақылды   қала
                  айнымалылары бойынша орындалды.
                        Ғылыми даму бағыттары мемлекеттік бағдарламаларға сәйкестігі
                  Қазақстан Республикасының «Қазақстан – 2050» стратегиясы да ұзақ мерзімді
                  даму  мақсаттарына  бағытталған.  Бұл  стратегияда   Қазақстанның  дамуы мен
                  тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін тиімді басқару жүйесін құру, инновациялар
                  мен   жаңа   технологияларды   енгізу   және   мемлекеттік   қызмет   көрсетуді
                  цифрландыру басты міндет ретінде қойылған. Түркістан қаласының ақылды


                  10
   5   6   7   8   9   10   11   12   13   14   15