Page 8 - Dissertation
P. 8

қолданылатын   концепция   болып   табылады.   Жаңа   буын   инфрақұрылымдық
                  қалалар   ақылды   қалалардың   қалыптасуына   ықпал   етеді.   Қазақстанда   бұл
                  ұғымды білу деңгейінің төмен екендігі көрсетілген, бұл тақырыптың өзектілігін
                  анықтайды. Ақылды қаланы дамыту – бұл жоспарлауда, операцияларда, желі
                  құруда және басқаруда қалалық бизнес тәсілін және инновацияны қажет ететін
                  сратегиялық процесс.
                        Қаланы дамытудың бұл стратегиясы қаланы тиімді басқару үшін әкімшілік
                  ақпаратқа   қажетті   әртүрлі   деректерді   орталықтандырылған   түрде   жинауға,
                  өңдеуге   және   ұсынуға   мүмкіндік   беретін   технологиялық   артықшылықтарға
                  негізделген.
                        Мәселенің   ғылыми   зерттелу   дәрежесі:   ақылды   қалаларды   мемлекеттік
                  реттеу мәселелері көптеген ғылыми зерттеулерге негіз болды.
                        Шетелдік авторлардан Giffinger R., Caputo F.,   Ningrum T. P., Huda N. U.,
                  Anthony Jr B., Majid M. A., Romli A., Bokolo A. J және Majid M. A., Romli A. A.,
                  Su   K.,   Li   J.,   Fu   H.    және   т.б.   еңбектерінде   ақылды   қаланың   дамуы   мен
                  мемлекеттік реттелу мәселелерін зерттеген.
                        Рессейлік ғалымдардың ішінде қарастырылып отырған мәселені зерттеуге
                  үлкен   үлес   қосқан   келесі   авторларды   атап   өтуге   болады:  Антонова  А.В.,
                  Христиановский В.В., Щербина В.П. және т.б.
                        Антонова  А.В.,  Христиановский   В.В.  зерттеулерінде   ақылды   қала
                  критерийлері   бойынша   қаланы   бағалау   әдістемесін   дамыту   мәселелері
                  қарастырылады.   Қалалардың   ақылды   дамуын   анықтау   үшін   негізгі

                  индикаторларды әзірледі және осы көрсеткіштерді талдау әдістерін, ақылды
                  қалаларды   бағалау   үшін   келесі   негізгі   бағыттар   қарастырылды:   ақылды
                  экономика, ақылды адамдар, ақылды басқару, ақылды ұтқырлық,  ақылды орта,
                  ақылды өмір. Қалаларды осы өлшемдер негізінде бағалаудың кешенді әдісін
                  ұсынды, ол мәліметтерді талдауға және шешім қабылдауға мүмкіндік берді. Бұл
                  әдістеме қалаларды ақылды технологиялар арқылы дамытудың стратегияларын
                  әзірлеуге ықпал етуді зерттеген.
                        Отандық   авторлардың   ішінде   Қ.Б.   Мәсенов,   Алина   Н.   ақылды
                  технологиялармен қалдықтар мәселелерін шешу, А.Баймбетова ақылды үкімет
                  және ақылды қала тақырыптарын өзара байланысын зерттеген, Турысбекова
                  А.Б. шетелдік тәжірбиелерді ақылды қала тұжырымдамасын енгізу жағдайында
                  қала   тұрғындарының   қалаларды   дамытуға   қатысу   формаларының   өзгеруін
                  зерттеу, Ахаева Ж.Б. ақылды қалаларындағы  мультиагентті жүйелерді талдау,
                  Сыздықов   Ж.А.   ақылды   қаланы   тұрақты   дамуын   тиімділігі  ғылыми
                  еңбектерінде кеңінен зерттелінген.
                        Зерттеудің мақсаты  – Түркістан қаласында ақылды қалаларды дамыту
                  үдерісін мемлекеттік реттеудің әдістерін жетілдіруге бағытталған ұсыныстарды
                  тұрақты даму басымдықтарын ескере отырып әзірлеу және ғылыми тұрғыдан
                  негіздеу.
                         Қойылған мақсатқа сәйкес зерттеудің келесі міндеттері тұжырымдалған:






                  8
   3   4   5   6   7   8   9   10   11   12   13