Сертификаттау тәртібі

Персоналды сертификаттау келесі кезеңдерден тұрады:

– өтініш берушімен сертификаттауға арналғат құжаттар топтамасын ПСРО-ға өткізу;
– өтініш берушінің құжаттардың сараптамасын жүргізу және ұсынылған материалдардың толықтығы мен жеткіліктілігі туралы шешім қабылдау (қызметкерлердің белгіленген талаптарға сәйкес келуін талдауды қоса алғанда);
– өтініш берушімен сертификаттау бойынша жұмыстарды жүргізу туралы келісім-шартын жасасу;
– өтініш берушінің сертификаттау қызметтері үшін төлемі;
– сертификаттау мерзімі туралы үміткерге (жеке, телефон арқылы немесе электронды пошта арқылы) хабарландыру жіберу;
– SPOCE Project Management Ltd (Ұлыбритания) оқу компаниясына үміткердің өтінімін жіберу;
– үміткерді «PeopleCert» жүйесінде тіркеу, емтихан күнін тағайындау;
– сертификаттау емтихандарын өткізу;
– емтихан нәтижелерін бағалау үшін SPOCE Project Management Ltd (Ұлыбритания) оқыту компаниясына жіберу;
– емтихан нәтижелерін және SPOCE Project Management Ltd (Ұлыбритания) компаниясының үміткерге тиісті біліктілік деңгейін тағайындау (немесе бас тарту) туралы шешімі;
– сертификаттаудың оң шешімі болған жағдайда сертификатты жасау, тізілімде тіркеу және үміткерге тапсыру.

 – Өтініш нысаны (жүктеу)