Академия тарихы

  • 1994 – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық Жоғары Мемлекеттік басқару мектебі (ҰЖМБМ) ашылды (Қазақ КСР ОК жанындағы Жоғары партия мектебі базасында 1942 жылы құрылған).

Негіздеме: Қазақстан Республикасы Президентінің 1994 жылғы 29 тамыздағы № 1845 Жарлығы.

  • 1998 – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ҰЖМБМ және Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру институтының бірігуі арқылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясы құрылды.

Негіздеме: Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 18 қыркүйектегі № 4075 Жарлығы.

  • 2000 – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясының елорда – Астана қаласына қоныс аударуы.
  • 2005 – «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясы», «Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының жанындағы Сот академиясын» біріктіру және «Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» РМҚК Дипломатиялық академиясының функцияларын жаңадан құрылатын мемлекеттік мекемеге беру арқылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы құрылды.

Негіздеме: Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 31 мамырдағы № 1583 Жарлығы.

  • 2008 – Академия мемлекеттік мекемеден республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (РМҚК) болып қайта құрылды.
    Мемлекеттік қызметшілердің жоғары буынын қайта даярлау мақсатында Академия құрамында Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі құрылды. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Академияның мемлекеттік басқару органы болып айқындалды.

Негіздеме: Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 28 қарашадағы № 698 Жарлығы.

  • 2017 жылдан бастап облыс орталықтарында және республикалық маңызы бар қалаларда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының филиалдары ашылды.

Негіздеме: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 14 қыркүйектегі № 559 қаулысы.

 


Your browser does not support SVGs