«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде «Цифрлық Академия» жобасы іске қосылды. Аталған жобаны іске асыру 2018 жылдың ішінде көзделген және Академияның мемлекеттік қызметшілердің ІТ-құзыреттері орталығына айналуына негіз болады.
Жоба екі кезеңде іске асырылады. Жобаның 1-ші кезеңі аяқталды және оқу кеңістігінің редизайні мен инфрақұрылымдық жабдықтауды жаңартудан тұрады.
2-ші кезеңде төмендегілер көзделеді:
– IT-технологияларды ауқымды қолдану;
– жаңа технологиялық және басқарушылық шешімдерді енгізу;
– цифрлық білім беру ресурстарын қолдана отырып, онлайн оқыту технологияларын пайдалану.
Жобаны аяқтаудан күтілетін нәтижелер:
– білім берудің жаңа сапасына көшу,
– мемлекеттік қызметшілердің soft skills және IT-дағдыларын дамыту,
– оқытудың заманауи, тиімді және жайлы жағдайларын жасау.
Аталған іс-шараларды жүзеге асыру үшін мультимедиялық жабдықтың интегралды жүйесін сатып алу және орнату көзделген, сондай-ақ «Цифрлық Академия» жобасының егжей-тегжейлі Жол картасы бекітілді.