БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ

Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру – олардың құзыреттерін жетілдіру үшін оқыту семинарлары.

Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы     № 416-V Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 125 Қаулысымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Біліктілікті арттырудың ұзақтығы 8-ден 80 академиялық сағатқа дейін құрайды.

Мемлекеттік қызметшіні біліктілігін арттыруға жіберу туралы шешімді оқуға жіберілетін мемлекеттік қызметші бағынатын мемлекеттік органның лауазымды тұлғасы қабылдайды.

Тыңдаушылар топтарын жасақтау сауалнама-өтінім негізінде жүргізіледі. Сауалнама-өтінім «Е-қызмет» интеграцияланған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – «Е-қызмет» ЫАЖ) арқылы қабылданады. Егер мемлекеттік орган «Е-қызмет» ЫАЖ-не қосылмаған немесе «Е-қызмет» ЫАЖ жұмысында қиындықтар туындаған жағдайда, сауалнаманың сканерленген нұсқасы электрондық пошта арқылы жіберіледі.  

Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру семинарларына өтінімдерді қабылдау бекітілген бөлу қағазына сәйкес жүргізіледі:

Оқуға өтінімдерді қабылдаудың басталуы: 30 күн бұрын семинар басталғанға дейін.

Оқуға өтінімдерді қабылдаудың аяқталуы: семинар басталғанға дейін 5 күн бұрын немесе топ толық жасақталғанда (оқу жоспарына сәйкес).

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында мемлекеттік қызметшілер, дипломатиялық қызмет персоналы, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, әскери қызметшілер, азаматтық қызметшілер, мемлекеттік мекемелердің, кәсіпорындардың, мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың қызметкерлері, сондай-ақ мемлекеттік мекемелермен өзара іс-қимыл жасайтын азаматттар біліктілігін арттырудан өте алады.

Біліктілікті арттыру жоспар-кестеде көрсетілген тақырыптар мен мерзімдер бойынша шарттық негізде жүзеге асырылады.

Шарттық негіздегі семинарларға өтінімдерді қабылдау мемлекеттік органның, азаматтық қызметшілердің, сондай-ақ өзге де тұлғалардың сұранысы бойынша және жасалған шартқа сәйкес жүргізіледі.

Оқуға арналған шарт мемлекеттік сатып алу порталы арқылы, сондай-ақ қағаз нұсқада жасалады.

** Семинарлардың ұзақтығы, тақырыптары және бағдарламалардың мазмұны мемлекеттік органдардың/ұйымдардың жеке сұрауларына сәйкес кеңейтілуі мүмкін.

*** Күнтізбеде көрсетілген мерзімдер топтардың жасақталуына байланысты және мемлекеттік органдардың/ұйымдардың жеке сұрауларына сәйкес өзгеруі мүмкін.

Семинар атауы Сағат саны Өтетін күні
1. Халық үніне құлақ асатын мемлекет: халықпен және азаматтық қоғаммен өзара әрекеттесу құралдары (мемлекеттік тілде) 16 23-24 қаңтар
2. Дағдарыс кезіндегі табысты коммуникация стратегиялары: қиын жағдайларды басқару 24 28-29 қаңтар
3 Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды басқару (мемлекеттік тілде) 24 4-5 ақпан
4 Тиімді коммуникация технологиялары: сөзден нәтижеге (мемлекеттік тілде) 16 12-13 ақпан
5 Саясаткерлердің шешендік өнері (мемлекеттік тілде) 16 13-14 ақпан
6 Ойлау дизайны және адамдарға бағдарланған трансформация 24 18-20 ақпан
7 Мемлекеттік аппаратта бюрократиядан арылту және мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру (мемлекеттік тілде) 8 25 ақпан
8 ӘРПК аясында әкімшілік процедураны  жүзеге асыру 16 4-5 наурыз
9 Эмоционалдық интеллект: ұйымдық табыстың негізгі элементі 16 12-13 наурыз
10 Жасанды интеллект мемлекеттік басқаруда: жаңа мүмкіндіктер мен болашақ перспективалар 16 18-19 наурыз
11 Өзгерістерді басқару (корпоративтік) 24 26-28 наурыз
12 Аймақтың тұрақты дамуын басқару 24 2-4 сәуір
13 Халықаралық келіссөздер жүргізу (шетелдік сарапшыны тарта отыра) 24 7-9 сәуір
14 Мемлекеттік қызметтегі этика және кәсібилік: сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық (мемлекеттік тілде) 16 8-9 сәуір
15 Жобалық менеджмент: ҚР СТ ISO 21502-2022 стандарты бойынша сертификаттауға дайындық (жоба жетекшісі) (мемлекеттік тілде) 40 14-18 сәуір
16 Гендерлік теңгерім жағдайында көшбасшылық  (шетелдік сарапшыны тарта отыра) 24 21-23 сәуір
17 Көпшілік алдында сөйлеу және БАҚ-пен өзара әрекеттесу (мемлекеттік тілде) 24 23-25 сәуір
18 Мемлекеттік сатып алу: жаңа заңнама жағдайында құқық қолдану 16 5-6 мамыр
19 Аудит тиімділігі (мемлекеттік тілде) 24 13-15 мамыр
20 Норма шығармашылық және құқықтық реттеудің заманауи тәсілдері (мемлекеттік тілде) 16 3-4 маусым
21 Көшбасшылық: негізгі басқарушылық құзыреттер (шетелдік сарапшыны тарта отыра) 24 9-11 маусым
22 Ең алдымен – адамдар: мемлекеттік қызметтер сапасын арттырудың практикалық құралдары (мемлекеттік тілде) 16 17-18 маусым
23 HR бизнес-серіктес: сертификаттауға дайындық  (ҚР СТ ISO 30400-2018, 30405-2018, 30407-2018, 30408-2018 Адами ресурстарды басқару жөніндегі Ұлттық стандарттар бойынша «Кәсіби деңгей»  санатына) 40 23-27 маусым
24 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс 16 2-3 шілде
25 «Цифрлық гигиена» және ақпараттық қауіпсіздік 16 2-3 қыркүйек
26 Мемлекеттік қызметтегі корпоративтік мәдениет және құндылықтар (мемлекеттік тілде) 8 9 қыркүйек
27 Проактивті ойлау және жеке тиімділік (мемлекеттік тілде) (корпоративтік) 16 11-12 қыркүйек
28 Бюджетті тиімді басқару: бюджет шығындарын оңтайландыру әдістері мен құралдары 24 16-18 қыркүйек
29 Стратегиялық менеджмент және форсайт (шетелдік сарапшыны тарта отыра) 24 22-24 қыркүйек
30 Командалық синергия: тиімді және командалық коммуникация 16 1-2 қазан
31 Тәуекелдерді басқару (мемлекеттік тілде) 24 6-8 қазан
32 Мемлекеттік органдар қызметіндегі практикалық талдау (мемлекеттік тілде) 24 15-17 қазан
33 Деректерді талдау негізінде шешім қабылдау 24 20-22 қазан
34 Мемлекеттік сектордағы өзгерістерді басқару: Үздік тәжірибелер мен құралдар (шетелдік сарапшыны тарта отыра) 24 13-15 қазан
35 Мемлекеттік жоспарлау жүйесі: нәтижелерге қол жеткізу (мемлекеттік тілде) 24 21-23 қазан
36 Мемлекеттік басқарудағы мониторинг және талдау: практикалық құралдар (мемлекеттік тілде) 24 10-12 қараша
37 Сыни тұрғыдан ойлау және инновация: жаңа шешімдер мен тәсілдер (мемлекеттік тілде) (корпоративтік) 24 18-20 қараша
38 Креативті индустрия: мемлекеттік органдар үшін перспективалар 16 13-14 қараша
Семинарлардың атауы Сағат саны Өтетін күні
1. Кәсіби коммуникациялар (мемлекеттік тілде) 24 11-13 наурыз
2. Құзыреттілікті дамыту: Әдептілік (мемлекеттік тілде) 8 14 наурыз
3. Ең алдымен – адамдар: мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырудың практикалық құралдары (мемлекеттік тілде) 16 18-19 наурыз
4. Ресми жазылым және дискурс  (құжаттамалық қамтамасыз ету департаменттерінің/бөлімдерінің лингвист-қызметкерлері үшін) 24 18-20 наурыз
5. Проактивті ойлау және жеке тиімділік 16 27-28 наурыз
6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс 24 1-3 сәуір
7. Сот ісін жүргізу практикасы: істерді дайындау және жүргізу стратегиялары 24 8-10 сәуір
8. Е-өтініш: азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеу 8 11 сәуір
9. Мемлекеттік органның цифрлық трансформациясы 24 14-16 сәуір
10. Тілдік құзыреттілікті дамыту: диагностика және дағдыларды жетілдіру *https://qrt.kz/kz платформасында QRT тестін тапсыру ақылы болып табылады 24 15-17 сәуір
11. Көшбасшылық және халықпен өзара іс-қимыл стратегиясы  (мемлекеттік тілде) 24 21-23 сәуір
12. Команданың синергиясы: тиімді командалық коммуникация (мемлекеттік тілде) 16 24-25 сәуір
13. Жеке тиімділік: тайм-менеджмент және стресс-менеджмент 16 28-29 сәуір
14. Құзыреттілікті дамыту: Коммуникативтілік 8 30 сәуір
15. Стратегиялық HR-менеджмент 24 12-14 мамыр
16. Құзыреттілікті дамыту: нәтижеге бағдарлану 8 16 мамыр
17. Мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы практика 24 19-21 мамыр
18. Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу 24 20-22 мамыр
19. Бюджеттік жоспарлаудың тиімділігін арттыру 24 26-28 мамыр
20. Стратегиялар мен тұжырымдамаларды әзірлеу және іске асыру 8 30 мамыр
21. Бюрократиядан арылу және мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру (мемлекеттік тілде) 8 2 маусым
22. Азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеу кезінде ӘРПК қолдану 16 3-4 маусым
23. Нормативтік құқықтық актілердің заңдық сараптамасы 16 10-11 маусым
24. Ресми жазылым және азаматтардың өтініштері бойынша жазба мәтіндер құрастыру дағдылары (мемлекетіік тілде) 24 10-12 маусым
25. Этносаралық саладағы мемлекеттік саясаттың негізгі аспектілері 8 13 маусым
26. Гарвард әдісі бойынша келіссөздер жүргізу негіздері (Халықаралық қатынастар/сыртқы байланыстар бөлімшелерінің басшылық құрамы) 16 17-18 маусым
27. Мемлекеттік органдарды цифрлык трансформациялау жағдайындағы құжаттамалық қамтамасыз ету және құжаттардың сақталуы (ҚР Президенті мұрағатына арналған корпоративтік семинар) 24 24-26 маусым
28. Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби имиджі мен әдебі  (мемлекеттік тілде) 8 2 шілде
29. Мемлекеттік сатып алулар: практикалық қолданылуы 24 9-11 шілде
30. Құзыреттілікті дамыту: Қызметті басқару 8 16 шілде
31. Құзыреттілікті дамыту: Жауапкершілік 8 17 шілде
32. Эмоционалды және витальді интеллект 24 22-24 шілде
33. Креативтілік және инновация 16 29-30 шілде
34. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс 24 5-7 тамыз
35. Демократиялық процестер және ашық басқару принциптері 8 12 тамыз
36. Тұрақты даму мақсаттары: өңірлік бағдарламалар мен стратегияларға интеграциялау 8 14 тамыз
37. Жобалық менеджмент: ҚР СТ ISO 21502-2022 сертификаттауына дайындық (жоба басшысы) (мемлекеттік тілде) 40 18-22 тамыз
38. Наразылық белсенділігімен тиімді өзара іс-қимыл жасау және келіссөздер процесін жүргізу 24 26-28 тамыз
39. Жасанды интеллект: пайдасы мен ықтимал қауіптері 16 3-4 қыркүйек
40. Бухгалтерлік есеп және салық есебі 24 8-10 қыркүйек
41. Сценарийді жоспарлау: тәуекелдерді талдау және болжау 24 15-17 қыркүйек
42. Құзыреттілікті дамыту: Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік 8 19 қыркүйек
43. HR бизнес-серіктесі: сертификаттауға дайындық (ҚР СТ ISO 30400-2018, 30405-2018, 30407-2018, 30408-2018 Адами ресурстарды басқару жөніндегі Ұлттық стандарттар бойынша «Кәсіби деңгей»  санатына) 40 22-26 қыркүйек
44. Тиімді мемлекеттік басқару үшін деректерді талдау 24 30 қыркүйек – 2 қазан
45. Мемлекеттік органдардың практик мамандарына арналған әдістемелік семинар (салалық қызметтегі өзекті ақпаратты түсіндіретін, болашақта сарапшы-тренер ретінде дамуға ниет білдірген мемлекеттік қызметші – практиктер үшін) 24 6-8 қазан
46. Мемлекеттік органдардың қызметіндегі практикалық аналитика  (мемлекеттік тілде) 24 13-15 қазан
47. Құзыреттілікті дамыту: Аналитикалық ойлау 8 15 қазан
48. Құзыреттілікті дамыту: Стратегиялық ойлау 8 16 қазан
49. Мемлекеттік қызметшінің көпшілік алдында сөз сөйлеуі 24 21-23 қазан
50. Гендерлік теңдік: тепе-теңдікке жетудің практикалық құралдары 16 27-28 қазан
51. Құзыреттілікті дамыту: Көшбасшылық 8 29 қазан
52. Құзыреттілікті дамыту: Пробелсенділік 8 30 қазан
53. Сыни ойлау және аналитика 24 3-5 қараша
54. «Е-Қызмет» платформасы: мемлекеттік қызметтерді алу процестерін оңайлату 8 6 қараша
55. Инклюзивті басқару: теңдік пен тиімділікке арналған стратегиялар мен құралдар 8 7 қараша
56. Спорт саласындағы даму және басқару: жаңа тәсілдер мен технологиялар (ҚР Туризм және спорт министрлігінің қызметкерлеріне  арналған корпоративті семинар) Өткізу уақыты мен күні мемлекеттік органмен келісім бойынша *семинарды өткізу топтың саны 20-25 адамнан кем болмаған жағдайда мүмкін
57. Қауіпсіздік, тиімділік және тасымалдау технологиялары саласындағы заманауи шешімдер (ҚР Көлік министрлігінің қызметкерлеріне  арналған корпоративті семинар)
58. Экологиялық сауаттылық және тұрақты даму/ (ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қызметкерлеріне  арналған корпоративті семинар)
59. Су шаруашылығы жүйелерін пайдалану мен қауіпсіздіктің заманауи тәсілдер (ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің қызметкерлеріне  арналған корпоративті семинар)

КӘСІБИ ДАМУ ИНСТИТУТЫ

+7 (7172) 75 33 16

+7 (7172) 75 10 61

+7 (7172) 75 33 98

Шетелдік сарапшылардың қатысуымен өтетін семинарлар

Ахметова Меруерт Мақсұтқызы

+7 707 964 4244

Отандық сарапшылардың қатысуымен өтетін семинарлар

Тусупбаева Айжан Агзамбекқызы

+7 771 036 6300

Шарттық негіздегі семинарлар

Косыбаев Газиз Мухитович

+7 775 237 0066


Your browser does not support SVGs