ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ
1. Мемлекеттік органның жолдамасы (мемлекеттік қызметшілер үшін).
2. Жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі.
3. Жоғары білімі туралы құжаттың (магистратураға түсу үшін) немесе жоғары
оқу орнынан кейінгі білімі туралы құжаттың (докторантураға түсу үшін)
сканерленген нұсқасы (қосымшаларымен бірге).
4. Шетел азаматтарын қоспағанда, мемлекеттік тілді білу деңгейін (В1-ден
кем емес) растайтын QAZAQ RESMI TEST (https://www.qrt.kz) немесе ҚАЗТЕСТ
(http://kazakhtest.kz) сертификаты.
5. MPP, MIR, DIR, DPA, DE, DDPA бағдарламалары үшін халықаралық
сертификаттардың бірі (IELTS, TOEFL IBT немесе TOEFL ITP, TOEIC), келесідей
нәтижелермен:
MPP, MIR – IELTS кемінде 4.0 балл, TOEFL IBT кемінде 29 балл немесе TOEFL ITP (LEVEL 1) кемінде 343 балл, TOEIC кемінде 405 балл, Duolingo English Test кемінде 60 балл; DIR, DPA, DE, DDPA – IELTS кемінде 5.5 балл, TOEFL IBT кемінде 46 балл, TOEFL ITP (LEVEL 1) кемінде 417 балл немесе TOEIC кемінде 550 балл, Duolingo English Test кемінде 95 балл.
6. Мемлекеттік қызметшілер үшін – мемлекеттік қызмет персоналының
бірыңғай автоматтандырылған дерекқорынан (ақпараттық жүйеден) алынған
немесе жұмыс орнынан кадр қызметі растаған қызмет тізімі, басқа үміткерлер
үшін – еңбек қызметін растайтын құжат.
7. Функционалдық жұмыс тәжірибесін талап ететін білім беру
бағдарламаларына үміткерлер үшін қосымша жұмыс орнынан кадр қызметі
растаған лауазымдық нұсқаулығы мен құрылымдық бөлімше туралы ереже.
8. Докторантура бағдарламаларына үміткерлер үшін – зерттеу жұмысы
жоспарының жобасы (research proposal).
9. Электрондық-цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған
электрондық өтініш. Шетелдік азаматтар үшін өтініштің сканерленген нұсқасы.

