ӨТКЕН ІС-ШАРАЛАР

«АШЫҚ ҮКІМЕТ ЖӘНЕ ЖАҢА БАСҚАРУ МӘДЕНИЕТІ:
ЕСТУ, ТҮСІНУ, ӘРЕКЕТ ЕТУ»
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

2023 жылғы 27-28 сәуірде Академияда «Ашық үкімет және жаңа басқару мәдениеті: есту, түсіну, әрекет ету» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференцияда мемлекеттік органдардың өкілдері, жетекші отандық және шетелдік сарапшылар, ғалымдар мен зерттеушілер арнайы сессиялар аясында «Ашық үкіметті» енгізудің халықаралық және отандық тәжірибелерін, мемлекеттік басқаруды цифрландырудың негізгі аспектілерін талдау, сервистік мемлекеттік аппаратты құру, жаңа басқару мәдениетін қалыптастыру мәселелерін талқылады.

 

II HR ФОРУМ
Мемлекеттік қызметтегі HR: персоналды стратегиялық басқаруға көшу

9 желтоқсанда Астана қаласында «Мемлекеттік қызметтегі HR: персоналды стратегиялық басқаруға көшу» HR форумы өтті. Форумға Түркия, Оңтүстік Корея, БАӘ және Орталық Азия елдерінен келген делегаттарды қамтитын 300-ден астам адам қатысты. Форумға арнайы келген делегаттар мемлекеттік қызметті дамытудағы тәжірибелерімен бөлісіп, Қазақстанның халықаралық тәжірибеге бағдарланған мемлекеттік қызметті одан әрі жетілдіру, оның ішінде HR-ды дамыту жөніндегі қадамдарын оң бағалады.

«QAZAQSTAN PROJECT MANAGEMENT AWARDS» ҰЛТТЫҚ БАЙҚАУЫ​

2022 жылғы 2-3 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында 60 ұйымнан 200 – ден астам өтінім арасында «Qazaqstan Project Management Awards-2022» III Ұлттық байқауының жеңімпаздары анықталды. Ұлттық конкурс өз жұмысында жобалық менеджменттің әдістері мен құралдарын белсенді қолданатын мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарды қолдауға бағытталған.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ: БҮГІНі МЕН БОЛАШАҒЫ

Конференция динамикалық өзгерістер жағдайында мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметтің өзекті мәселелеріне арналды. Ол халықаралық және отандық сарапшыларды, мемлекеттік қызметшілер мен ғалымдарды Қазақстандағы мемлекеттік қызметті дамытудың стратегиялық өзгерістері мен перспективалары бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін біріктірді.

«Қазіргі замандағы адам ресурстарын дамытуда тәжірибе алмасу» халықаралық конференциясы

2024 жылғы 21 Маусымда «Қазіргі замандағы адам ресурстарын дамытуда тәжірибе алмасу»атты халықаралық конференция өтті.

Конференцияның мақсаты озық тәжірибелермен алмасу және персоналды басқару саласында инновациялық шешімдерді әзірлеу арқылы мемлекеттік басқару жүйесінде адами капиталды стратегиялық басқарудың жоғары тиімді мәдениетін дамытуға жәрдемдесу болды


Your browser does not support SVGs