Page 75 - Академикалы? саясат РУС.
P. 75
талдауды жүргізуге қолайлы. Кестедегі көрсеткіштер бойынша, деректер
факторлық талдау үшін өте қолайлы. KMO мәні деректердің жарамдылығын
растайды.
Сенімділік пен жарамдылық бағаланды, мұнда сенімділік айнымалылардың
дәйекті нәтижелер беру дәрежесін және қатесіз болуын білдіреді. Сол сияқты,
жарамдылық айнымалының/өлшемнің сол модельдегі басқа айнымалылардан
қаншалықты ерекшеленетінін білдіреді [100, р. 2289]. Модельді бағалау кезінде
5- суретте көрсетілген.
PLS-SEM (Partial Least Squares Structural Equation Modeling) – бұл
құрылымдық теңдеулерді модельдеу әдісі, ол зерттеушілерге күрделі,
көпайнымалы деректерді талдауға мүмкіндік береді. Бұл әдіс әсіресе шағын
үлгілерде, қалыпты таралу талап етілмейтін жағдайларда және теориялық
модельдерді тексеруде пайдалы. PLS-SEM әдісі ақылды қала моделін талдау
үшін де кеңінен қолданылады, себебі бұл әдіс сандық және сапалық факторларды
біріктіріп, олардың өзара әсерін зерттейді.
Ақылды қаланы қабылдауға әсер ететін ішкі және сыртқы факторларды
талдау ақылды қаланың қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Сонымен қатар,
осы факторларды талдау олардың ақылды қалаға әсерін болжауға мүмкіндік
береді. Бұл ақылды қаланы тиімді басқаруға және өнімді жұмыс істеуге оң әсер
етеді.
Сурет 5 - PLS-SEM ақылды қала моделін талдау
Ескерту - Автор сауалнама негізінде құрастырған
75

