Page 56 - Академикалы? саясат РУС.
P. 56

2       ТҮРКІСТАН               ҚАЛАСЫНДА                  «АҚЫЛДЫ               ҚАЛА»
                  ТҰЖЫРЫМДАМАСЫН  ІСКЕ  АСЫРУДЫҢ  МЕМЛЕКЕТТІК  РЕТТЕУ
                  ТЕТІКТЕРІН ТАЛДАУ

                        2.1  Ақылды  қала  жобасын  іске  асырудың  институционалдық-
                  құқықтық негіздері және оның ағымдағы жағдайы

                         Қазақстанда  «ақылды  қала»  тұжырымдамасының  институционалдық
                  дамуына  ресми  серпін  2018  жылғы  10  қаңтардағы  Қазақстан  Республикасы
                  Президентінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа
                  мүмкіндіктері»  атты  Жолдауынан  кейін  берілді.  Аталған  құжатта  қалалық
                  шаруашылықты цифрлық трансформациялау үдерісін біріздендіру мақсатында
                  «ақылды қалалардың» эталондық стандартын әзірлеу жөнінде нақты тапсырма
                  жүктелді.  Осыған  сәйкес,  Қазақстан  Республикасының  Цифрлық  даму,
                  инновациялар  және  аэроғарыш  өнеркәсібі  министрлігі  2020  жылғы  27
                  қарашадағы  №  436/ОД  бұйрығымен  Smart  City  қалыптастырудың  әдістемелік
                  ұсынымдарын (эталондық стандарт) бекітті [5, б. 8].
                         Аталған стандартта смарт-инфрақұрылымды жобалау, енгізу және басқару
                  қағидаттары  жүйеленіп,  «ақылды  қалалар»  үшін  басымдық  берілетін  қалалық
                  өмір салалары айқындалған. Атап айтқанда, бұл бағыттар – қоғамдық қауіпсіздік,
                  көлік,  тұрғын  үй-коммуналдық  шаруашылығы,  әлеуметтік  сала,  білім  беру,
                  денсаулық сақтау және қалалық басқару болып табылады. Қазақстан аумағында
                  іске  асырылып  жатқан  барлық  Smart  City  жобалары  осы  салалардағы

                  көрсеткіштерді жақсартуға бағытталған және  олардың барлығы Тұрақты даму
                  мақсаттарына  (ТДМ)  қол  жеткізу  міндеттерімен  үйлестірілген.  Осы  тұрғыдан

                  алғанда,  эталондық  стандарт  барлық  өңірлер  үшін,  соның  ішінде  Түркістан
                  қаласы  үшін  де,  «ақылды»  көрсеткіштер  мен  қалалық  ортаны  дамытудың
                  мақсатты индикаторларын біріздендіретін нормативтік-әдістемелік база ретінде
                  қызмет атқарады.
                         Өңірлік  және  жергілікті  деңгейлерде  Smart  City  тұжырымдамасын  іске
                  асыру  Түркістан  облысы  әкімдігінің  стратегиялық  және  бағдарламалық
                  құжаттарына  негізделеді.  Түркістан  қаласы  өңірлік  тұрақты  даму  моделін
                  қалыптастыру  және  цифрлық  трансформацияны  жүйелі  түрде  жүзеге  асыру
                  мақсатында пилоттық аймақ ретінде айқындалған. Осы мәртебе аясында қаланы
                  цифрлық  жаңғырту  бойынша  жол  карталары  мен  өңірлік  бағдарламалар
                  әзірленіп,  іске  асырылуда.  Атап  айтқанда,  «Smart  City  Turkistan»  өңірлік
                  тұжырымдамасы  қабылданып,  онда  қаланы  цифрлық  дамытуға  бағытталған
                  басым және қосымша стратегиялық бағыттар нақтыланған.
                         Аталған  бастамаларды  институционалдық  және  әкімшілік  деңгейде  іске
                  асыру үшін Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету
                  және архивтер басқармасы өз құзыретінің шеңберінде маңызды рөл атқарады.
                  Бұл  басқарманың  қызметі  Түркістан  облысы  әкімдігінің  2024  жылғы  5
                  қыркүйектегі  №178  қаулысы  негізінде  бекітілген  «Түркістан  облысының
                  цифрландыру,  мемлекеттік  қызметтер  көрсету  және  архивтер  басқармасы»
                  мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде нақты регламенттелген [111].

                                                                56
   51   52   53   54   55   56   57   58   59   60   61